Петропавлға Санкт-Петербургтік дәрігерлер келеді

Денсаулық сақтау

14:29 25 Сәуір 2018

Бүгінге дейін “Атлант” медициналық орталығының мамандары 19 мыңға жуық адамға кәсіби көмек көрсеткен. Бірінші желке омыртқасының зақымдануы мойын бұлшық еттерінің жиырылып, жүйке жолдарының түйіліп, қан айналымының бұзылуына әкеп соқтырады. “Атланттың” жылжып кетуіне жол-көлік апатында не өндіріс барысында алған жарақаттар, тіпті бала туу кезінде сәбиге келтірілген зақым себепші болып жатады. Адамды қалыпты өмірге қайта оралтуға бірегей швейцариялық әдістеменің қауқары бар. Петерборлық дәрігерлер болса, оны жемісті пайдаланып келеді.

Владимир Бочановский, “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-ребилитологы, Санкт-Петербург, РФ:


– Біздің орталық краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Бұл аймақ бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен біз бұл зонадағы бұлшық ет пен буындардың жұмысын қалыпқа келтіреміз.

Ем-домның оң әсерін сезіну үшін бір процедураның өзі жеткілікті дейді ресейлік мамандар. Ол тек 15 минутқа созылады, тек ауру қайтып келмес үшін реабилитациядан өту керек. Яғни гимнастикамен айналысып, дәреумендерді қабылдап, массаж жасатқан абзал. Бұл орайда да Санкт-Петербург дәрігерлері көмектесуге дайын. Бәрі жоспарға сай жүрсе, бірнеше айдан соң мойынды сыздатқан дерттен түк қалмайды.

Елена Малышева, Викторияның анасы:


– Біз “Атлант” мамандарының қабылдауында екі ай бұрын болдық. Алға басушылық бар. Бұрын қызым оңға не солға қарау үшін бүкіл денесін қозғалтатын, қазір мойны еркін бұрылады. Сондай-ақ баламның бір аяғы екіншісінен екі сантиметрге қысқа болатын. Массаж бен емдік дене тәрбиесі курстарынан соң аяғы 1 см ұзарды.

Денсаулығыңыздағы ақауды сіз де түзете аласыз. Ресейлік ақ халаттылар шаһарға мамырдың 11-і кезекті рет келіп, 16-сына дейін қабылдау жүргізеді. Жазылу үшін 8-715-2-63-21-72 нөміріне хабарласу керек. Ем дом шаралары мен қажетті кеңес беру М.Жұмабаев көшесі 109 мекен жайындағы ғимараттың 7 қабатында орналасқан “Панацея” медициналық орталығында жүргізіледі.

Саят Ермек

Бұдан әрі оқыңыз

МӘМС механизмі түсіндірілді
Облыстық аурухана жас мамандармен толықты
МӘМС жүйесінің жұмыс істеу механизмі түсіндірілді
Дәріханалардағы қымбатшылықты жою жайы талқыланды
Қарашаның 21-і – Халықаралық темекіден бас тарту күні
Санитарлық авиацияның жұмысы
Суицидтің алдын алу жайы талқыланды
МӘМС жұмысы түсіндірілді