Балалар

Петропавлда республикалық «Жұлдызай» байқауының облыстық кезеңі өтті

Жалпы, конкурс 6 аталым бойынша ұйымдастырылды. Алғашқысында сайыскерлер қазақ халқының ұлттық билерінен сайысты. Келесі номинацияда он саусағынан бал тамған жастар сынға түсті. Олар көздің жауын алатын қолөнер бұйымдарының көрмесін жұртшылық назарына ұсынды. Тағы, байқауда жез таңдай әншілер де өз өнерлерін көрсетті. Айта кетейік, республикалық “Жұлдызай” фестивалінің қорытынды кеші 1-ші маусым күні Астана қаласында өтеді. Шара халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылмақшы. Байқауға өңірлік кезеңде жеңімпаз атанған жастар қатыспақ.

Елена Шандра – Чкалов арнайы мектеп-интернатының 4 сынып оқушысы, Тайынша ауданы:

–  Мамочка әнін орындадық. Бұл ән бізге өте жақын. Байқауға қаңтардан бастап дайындалдық. Жеңіске жетеміз деген ойдамын.

Серік Жумабек – Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының оқушысы:

– Бүгінгі сайыста мен патриоттық ән айттым. Саханада өзімді кәсіби әнші ретінде сезіне алдым. Менің арманым – Астанаға барып гала концертте өлең айту.

Дана Ешкенова