Қоғам

Жыл басынан бері өңірде 13 интернет-алаяқтың арам ойы әшкере болды

Мына бойжеткен “В Контакте” әлеуметтік желісінде танысқан әйелге курстық жұмыс жазғызбақ болыпты. Алайда, алаяқ студентті сан соқтырды. Ол істі 2 күннің ішінде тындырамын деп сендіріп, еңбегі үшін алдын-ала 5 мың теңге жіберуін сұрапты. Бұған кәміл сенген жерлесіміз тиісті ақшаны аударыпты.

жапа шегуші:


–  9-ы күні мен элеуметтік желіде жұмысымды істету үшін тапсырыс бердім. Ол екеуміз келістік. Кейін, мен оның шотына ақша аудардым да чектің суретін жібердім. Жауапты адам шаруаны тындырамын деді. Келісім бойынша сәуірдің 11-і күні тапсырманы орындап, электрондық нұсқасын жіберуі тиіс еді. Ол маған ештене жібермеді, әрі мені желіде бұғаттап тастады.

Алданғанын түсінген студент тәртіп сақшыларына хабарласқан. Қазіргі таңда бұл факті бойынша іздеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері осыған ұқсас 13 қылмыс ашылған. Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе алаяқтар түрлі әлеуметтік желілерді қолданып, арам ойларын асырады.

Алмаз Жәкенов – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Қылмыскерлер негізінен ВКонтакте, Инстаграм, Фэйсбук сияқты әлеуметтік желілерді пайдаланады. Осы желілерде олар сату немесе қызмет көрсету сияқты хабарландыруларды береді. Олар адамдардың сеніміне кіріп, алдайды. Бұған сенген жандар ақшаларын Киви-кошелёкке, банк карталарына аударады. Кейін алаяқтар телефондарын сөндіріп байланысқа шықпайды.

Полицейлер интернет арқылы жұмыс тындыруда абай болуға шақырады. Олар тұрғындарға күдікті ұсыныстардан аулақ болып, бейтаныс адамдарға төлем жасамауге кеңес береді.

Байболат  Култанов