ТЖ

Сергеев су қоймасындағы тіршілік көзінің көлемі 879 млн кубты құрады

–  Өткен жылдың көктемі елдің есінде әлі күнге дейін сақтаулы. Дәл осы кезеңде мына біз тұрған Сергеев су қоймасында рекордттық мөлшердегі су жиналған болатын. Сонда, нақтырай айтсақ, сәуірдің 18-і күні тораптың ернеуінен асқан судың деңгейі 3 метр 38 см құрапты. Ал, қазір 1 метр 34 см жеткен.


Қоймадан төменге құйылған судың көлемі былтырғыдан әлдеқайда аз. Соның өзінде ағысы өте қатты. Бұл жерде буырқанған өзеннің гүрілінен құлақ тұнады. Олай болатын себеп бар. Өйткені, тораптың ернеуінен 1 секундттың ішінде 803 куб тіршілік көзі өтіп жатыр. Жалпы, қызыл су қоймадан сәуірдің 14-і күні, күндізгі сағат 12:00-де асыпты.

Жабай Мусин – Сергеев су торабы өндірістік участогінің инженер-гидротехнигі:


–  Алғашқы тәулікте ернеуден асқан судың биіктігі 16 см-ді құрады. Ал, келесі күні ол көрсеткіш 63 см-ге жетті. Сәуірдің 16-сында тіршілік көзінің деңгейі жарты метрден асқан. Жалпы, Сергеев су торабының сыйымдылығы 693 млн кубты құрайды. Бүгінгі күні қоймадағы қызыл судың көлемі 803 млн кубке жетіп отыр. Біз нысанға жиылған суды ертерек ағыза алмаймыз. Өйткені, торапта шлюздер қарастырылмаған. Сол себепті, тіршілік көзі қоймаға лық толғанда ғана өздігінен аға бастайды.

Қазір тораптағы су деңгейі сағат санап өсуде. Бұған бірнеше себеп бар. Оның алғашқысы – ауа райының құбылуы. Синоптик мамандардың мәліметінше алдағы күндері өңір аумағында жаңбыр жаууы ықтимал. Осының салдарынан қоймадағы қызыл судың көлемі тағы жоғарыламақ.

Дәурен Қошұғұлов – “Қазгидромет” РММ СҚОФ бөлімінің басшысы:


–  Сәуірдің 16-20-сы аралығында облыс аумағында жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Біздің зерттеуіміз бойынша жауын-шашынның мөлшері 7 мм-ді құрамақ. Бұдан бөлек, Ақмола облысынан келетін су да қоймадағы деңгейді өсіреді. Болжамға сүйенсек, Сергеев су торабына көршілес өңірдің өзен-көлдеріндегі тіршілік көзі осы аптаның соңында жетпек.

Бұл ретте жерлестерімізді Сергеев су торабынан шыққан қызыл су қашан Петропавлға келетіндігі алаңдатады. Қазгидромет мамандары тіршілік көзі облыс орталығына сәуірдің 24-25-і күндері жетуі тиіс деп болжап отыр. Олардың сөзінше биыл тасқын теріскей жеріне залал келтірмейді.

Байболат Бектемірұлы