Білім

“Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасын НЗМ ұстаздары құптап отыр

Оның 16-сы – ағылшын, біреуі – француз, тағы біреуі орыс тілінен тәржімаланған. Шет тілдерден аударылған оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология мен журналистика пәндерін қамтиды. Жыл соңына дейін заман талабына сай әзірленген тағы отыз оқулық мемлекеттік тілде басылып шықпақ. Аталған еңбектер алдағы оқу жылынан бастап жоғары білім беру жүйесіне енгізіледі. Бағдарламаның ұтымды тұстарын Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары да құптап отыр.

Дильбар Бегалина – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:

– Біз үшін бұл таптырмас оқулықтар. Әсіресе әлеуметтану негіздері деп аталатын америкалық Дэвид Брингеркофтың кітабы. Студенттер арасында бұл туынды өзекті болып саналады.

Данияр Уәлиев- Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі:

– Бүгінгі таңда осы жобаның арқасында әлемдік бестселлерлерді қазақ тілінде оқуға мүмкіндік бар. Ең бастысы бұл оқулықтарды сайттан тегін жүктеп, оқуға болады.

 

Дана Ешкенова