Білім

“Өзін-өзі реттейтін оқыту” олимпиадасының қорытындысы шығарылды

 

 

21 ғасырда мұғалімдерге қойылатын талап зор. Балаларды бәсекеге қабілетті ортаға бейімдеп, олардың жан-жақты білім алуына септесетін бірден-бір адам – ұстаз екені сөзсіз. Сондықтан да, теріскейлік мамандар жыл сайын өздерінің шеберлігін шыңдауға лайықты көңіл бөлуде. Бұл мақсатта «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты түрлі курстар ұйымдастырып келеді. Солардың бірі «Тиімді оқыту және оқу» бағдарламасы. Курс аяқталған соң, орталық мамандары педагогтардың білімін сынға алатын олимпиада өткізіпті. Бірақ мұндағы сұрақтар тікелей пәндерге емес, балалармен жұмыс жасау амалдарына бейімделіп жасалған.

Алима Қабденова – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО ПҚ Біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы:

Негізінен олимпиада сұрақтарында білім беру мазмұнын жаңарту және өз тәжірбиесіне осы бағдарламаны қалай табысты енгізіп жатқанын, қандай кедергілер бар екенін, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Олимпиадаға қолдарына сертификаттарын алған педагогтардың 75 пайызы, яғни 83-ші қатысыпты. Шараны ұйымдастырушылардың сөзінше, барлығы дерлік жақсы нәтиже көрсетіп, курстан үйренгендерін қолдана алған. Үздіктер қатарынан көрінген ұстаздардың арасында М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі Жібек Жамулдинова да бар. Нәзікжанды жүлделі 2-ші орынды иеленген. Маманның сөзінше, олимпиада сұрақтарына жауап беруде қиындық тумапты. Себебі, барлығын аталған курста егжей-тегжейлі өтіп, меңгерген.

Жібек Жамулдинова – М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп- лицейдің география пәні мұғалімі:

2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына көшіп жатырмыз. Маған сабақ беруде бұл бағдарламаның көмегі тиіп жатыр.

«Тиімді оқыту және оқу» курсын өңіріміз бойынша 112 мұғалім тәмамдаған.

Эльмира Садвокасова