Білім

Мектеп көшбасшылары арасында конференция өтті

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған жиын 3-бағытта өтуде. Олар “Рухани жаңғыру”, “Цифрлық Қазақстан” және “Білім, Ғылым, Инновация” деп аталады. Әр секцияда қаузалған тақырып әр түрлі. Мәселен, соңғысында оқушылар «тайм-менеджмент», академиялық шыншылдық тақырыптары бойынша өз ойларын білдіріп жатыр.

Әсел Жанабаева – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

–  Осы үш бағыт елімізде қарқынды дамып жатыр. Яғни жастар мемлекетімізге байланысты мәселелерді шешуге ат салысады. Болашақта қазақстанның белді, мықты жастары болуына осы үш бағын көмектеседі.

“Рухани Жаңғыру” секциясында мектеп көшбасшылары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру жайын кеңінен талқылады. Әр оқушы өз пікірн білдіріп, ұсыныстар жасады.

Бақытжан Тұрсынов – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:

– Шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы жастардың еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазіргі таңда жастар Елім маған не береді емес, мен елім үшін не бере аламын деген түсінікпен жұмыс жасау керек, соған ұмтылу қажет.

Коференцияға қала мектептерінің 70-тен астам көшбасшылары қатысты. Айта кеткен жөн, жиын Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 жылдығына орай ұйымдастылырылды.

Дана  Ешкенова