Мәдениет

Теріскейлік ұстаздар “Жаңа гуманитарлық білім.100 жаңа оқулық” жобасын талқылауда

Заман көшінен шет қалмау үшін отандық жастарды жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім нәрімен сусындату міндеті тұр. Осы тұста ел болашағының әлемдік озық үлгідегі туындылармен танысқаны маңызды. Дүние жүзінде жарық көрген бұндай кітаптардың алғашқы легінің ана тілімізде жарық көруіне тәжірибесі толысқан 200 аудармашы күні-түні тер төккен.

Әсел Қаршалова – С.Шәймерденов атындағы классикалық гимназиясының педагог-психологы:


– Яғни ол әрбір саланы қамтиды. Ол психология, медицина, педагогика, психологиямен әлеуметтану болсын, барлық бағытты қамтыған болатын.02-00Шетелдің тарихын білуге, олар барлығы электронды түрде болады. Жазбаша түрінде де қолжетімді болмақ. Бұл кітаптармен мамандардан өзге студенттер де таныса алады.


Әзірге, гуманитарлық бағыттағы аударылып, баспадан шыққан 18 кітап отандық жоғарғы және орта-арнаулы оқу орындарының студенттеріне жол тартады. Кездесуде жиналғандарға “қазіргі психология тарихы”, “әлеуметтік психология” мен “көпке ұмтылған жалғыз” атты шетелдік маңдайалды туындылар таныстырылды. Петропавл гуманитарлық-колледжінің психологы Дина Баймакишева, 3 форматта жарық көрген үздік туындылар, студенттерді оқытуда таптырмас құралға айналарына сенімді.

Дина Баймакишева – Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің психологі:

– Колледжімізде тәлім алатын студенттердің басым бөлігі мектепті қазақ тілін білім алған. Қолда бар әдебиеттердің басым бөлігі орысша жазылған, әрі олардың мағынасын кей жағдайда шәкірттерге түсіндіруде қиындықтарға тап болып жатамыз. Салдарынан терминологиялық сөздерді баршасына ұғынықты түрде жеткізе алмай жатамыз. Жоба арқасында енді гуманитарлық бағытта білім беретін оқытушылар кітаптардағы ақпаратты түсінікті тілде жеткізе алады деген сенімдемін.

Осылайша жақын жылдары еліміздің Ұлттық аударма бюросының тәжірибелі мамандары әр салаға қатысты жалпы саны 800 дана кітапты ана тілімізде тәржімалайды.

Бахыт Садвокасов