Мәдениет

Балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруіне дайындық басталып кетті

Музыкалық аспатарын, гүлдер мен шашақтарын ұстап марштық музыка ырғағымен Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушылары спортзал ішінде қадам басып келеді. Далаға шығып дайындалуға әзірге ауа-райы мүмкіндік бермей тұр. Бірақ әзірлік тоқтамауы тиіс. Республикалық шеруге білім ошағының оқушылары биыл екінші рет қатспақ.

Шынар Темірханова – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

– Бүгін екінші дайындық. Мектептен 100 бала қатысады. Олар домбырашылар, бишілеріміз бен спортшыларымыз.

Музыкалық аспаптар шеруі болғандықтан, мектептегі “Мұрагер” домбырашылар ансамблінің өнерпаздары саптың алдында келеді. Арасында дарынды жеткіншек, 7 сынып оқушысы – Евней Ғаббас та бар.

Евней Ғаббас – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушысы:

– Биыл мен шеруге екінші рет қатысамын. Домбыра ойнағанды жақсы көремін. Өте қуаныштымын.

Балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруі былтыр алғашқы рет ұйымдастырылған еді. Оған 1600-ге жуық петропавлдық жас қатысты. Биылғы шеру елордасы – Астананың 20 жылдығына арналмақ. Парад маусымның 1-і – Халықаралық балаларды қорғау күнінде өтеді.

 

Саят Ермек