Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ауа райын ерте болжау, тасқынның алдын алуға мүмкіндік береді

Былтырғы көктем теріскейліктердің әлі есінде. Дәл осы уақытта солтүстікті тасқын су басқан болатын. Сол уақытта, небары 10 күннің ішінде өңірдегі қардың қабаты 90%-дан 4%-ға дейін еріп кетті. Ал, ылғал көлемі 4 млрд текше метрді құрапты. Қазіргі күні судың мөлшері 2,5 млрд-қа жетіпті. Мұндай көрсеткіш ауа температурасына байланысты орын алып отыр.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

 


–  Бүгінгі күні әлемнің көптеген елінде ауа райын болжау дәлдігі 75-80% құрайды. Біз де осындай жетістікке жетсек, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл ретте бірлесіп жұмыс жүргізген абзал. Мәселен, шаруаны европавлық банктің гранты арқылы атқарсақ дегендей. Өңір аумағында метеоболжам станцияларын ұлғайту күн райын дәлірек болжауға мүмкіндік берер еді.

Табиғаттың тосын мінезін тек 1 апта қалғанда білуге болады. Бұл ауа райын анықтауға болатын ең ұзақ уақыт екен. Мәселен, дүйсенбі күні дәл осы залда есеп берген СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов өлкемізді тасқын басу қауіпі қалыпты деді. Алайда, жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Алдымыздағы демалыс күндері Сергеев су қоймасындағы су ернеуінен аспақ. Бүгінгі мәліметке сенсек оған 20 млн куб тіршілік көзі түсіпті. Сондықтан, Қазгидрометтің бас директоры Марат Кынатов торапта апаттық су ағызғыш салуға кеңес береді.

Марат Кынатов – «Қазгидромет» РМК Бас директоры:

–  Бұл не береді? Апатты су ағызғыш арқылы жиналған суды оңай өткізуге болады. Кейін, босаған жерге тасқын жиналмақ. Қазіргі күні тораптарқа келген тіршілік көзі өздігінен ағып кетуде. Егер де біз апатты су ағызғыш салсақ, бұл судың бір бөлігін сақтауға мүмкіндік береді.

Нақтырақ айтсақ, су ағызғыш облыс орталығы мен оның айналасындағы елді мекендерді апаттан аман алып қалмақ. Бұған қоса, суды наурыз айынан бастап ағызуға мүмкіндік береді. Мұндай жүйені Ақтөбе облысы мен Ресейдің бірқатар өлкелері қолданып келеді. Марат Кынатовтың айтуынша, апаттық су өткізгіш салу аграрлы салаға да пайдасын тигізбек. Болашақта Қазгидромет барлық ел аумағында радиолокациялық байланысты қоспақ.

Марат Кынатов – «Қазгидромет» РМК Бас директоры:

– Біз табиғи апат келтірген шығынды қалай береміз? Біздің станциямыз қай жерде тұр, сол жерде ақпарат алуға болады. Ондай болжам орындары 30 шақырым радиуста жұмыс істейді. Ал, одан алыс қашықтықтағы жағдайды байқай алмағандықтан, мәліметті де тарата алмаймыз. Ал, радиолокациялық байланыс 250 шақырым радиусты қамтиды. Осы арқылы біз кез-келген фермерге ақпарат бере аламыз.

Агроөнеркәсіп кешеніне цифрлы технологияларды енгізудің тиімділігін өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов та атап өтті. Салада озық қондырғыларды қолдану арқылы, әр гектардан барынша көп өнім алып, дихандардың шығынын азайтуға болады.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Осы арқылы көктемде немесе қыста артық жұмыс істемеуге болады. Мәселен, қар тоқтату сынды шаруаны мүлде атқармауға мүмкіндік бар. Кей жылдары ылғалдың қажеті де болмай жатады. Ал, біз болсақ ақша бөліп, адамдарды алқаптарға жіберіп тер төгеміз. Жаз айларында жауын шашынның мол түсетіндігін алдын-ала болжап білсек, шығындалмайтын едік.

Сондай-ақ, кездесуде алқаптарды суару үшін еріген қар суын сақтау мүмкіндігі де айтылды. Мұндай тиімді ұсынысты солтүстікқазақстандықтаға жақында Сәкен Сейфулин атындағы агротехникалық университеттің ғалымдары білдірген болатын.

Байболат Бектемірұлы