Бүгінде Есіл бассейнінің су айдынында ақ қайран, көксерке мен сазан балықтары мекен етеді. Көктем мезгілі – аталған су асты жануарларының уылдырық шашып, өсіп-өнер шағы. Сол себепті, әуесқой балықшыларға осы уақытта қармақ пен ау салуға мүлдем болмайды.
Қуантай Сәлімов – СҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жетекші маманы:
– Есіл бассейнінің су айдындарында аулауға, жинауға және дайындауға шортан, ақ қайран, мен көксерке 15-сәуірден бастап 15-мамырға дейін болмайды. Сазан, тұқыны 20-мамырдан 20-маусымға дейін аулауға тыйым салынған.
Алайда, су асты ресурстарын сақтап қалуға бағытталған ережені елемей, қармақ құратын әуесқой балықшылар да кездесіп жатады, – дейді табиғат сақшылары. Заңға атүсті қарап, аулау құралдарын пайдаланып қалғысы келген тұрғындарға ірі көлемде айыппұл қарастырылған.
Қуантай Сәлімов – СҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жетекші маманы:
– Әкімшілік құқықбұзушылық 383-бабында қарастырылғандай әкімшілік құқық бұзушылық заттары және құралы тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 60, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 250 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Өткен жылы аталған шектеуге қарамастан заңға қайшы әрекет жасаған тұлғаларға жалпы сомасы 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, барлығы да өндіріліп алынған.
Бахыт Садвокасов