Қоғам

Ақын Ахметжан Нұртазиннің туғанына 110 жыл

Ахметжан Нұртазин сегіз қырлы, бір сырлы азамат болған. Ол 20 жыл Шал ақын ауданына қарасты Октябрь совхозының орман шаруашылығы бөлімін басқарыпты. Сол жерде қызмет етіп жүріп 2 млн-нан астам ағаш көшетін еккен. Кейін, 40-тан асқан шағында шығармашылыққа ден қояды. Жерлесіміз әдебиет әлеміне кеш келгенімен өзіндік ізін қалдыра білді. Оған – мына кітаптар дәлел. Дарын иесінің өнерімен Әлия Малдыбаева жақсы таныс. Ұстаз бала күнінде ақынның Игібай Әлібаев, Темірғали Қасенов сынды тұлғалармен айтысын талай тамашалапты. Өлеңдерін де жақсы біледі.

Әлия Малдыбаева – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі:


– Ол көбіне ауыл тақырыбында қалам тербеді. Өлеңдерін механизаторларға, дихандарға арнады.

Халық ақынының 110 жылдық мерейтойына арналған кеш барысында жерлесіміздің өмір жолы айтылды. Сөз алғандар оның өлеңдеріне тоқталып, залға жиналған жастарға әңгімеледі. Суырып салма сөз шеберінің немере інісі Абылай Балтабаев та өз естеліктерімен бөлісуге келіпті.

Абылай Балтабаев – Ахметжан Нұртазиннің немере інісі:


– Ол кісі мені ауылдан әкеліп мектепке орналастырды. Оның үйіне жиі барып тұратынмын
.

Кеш соңында Ахметжан Нұртазиннің шөберелері атасының өлеңдерін оқыды. Ал басқа өнерпаздар ән салып шараның сәнін келтірді.

Байболат Култанов