Құқық қорғау органдары

Жыл басынан қаладағы 137 пәтер тоналған

Тәртіп сақшыларының айтуынша пәтерге түсетін ұрылар белгілі бір уақытты таңдайды екен. Өйткені, көп жағдайда үй иелерінің жұмыста немесе басқа жерде жүретінін білген олар арам ойларын таңғы 9 бен 11 немесе сағат екі мен бестің аралығында іске асырады. Баукеспелер пәтердің есігін дәл келетін кілтті таңдау арқылы ашады екен.

Ерболат Қаптаев – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бөлімше бастығы:


– Жыл басынан Петропавлда 137 пәтер ұрлығы тіркелді. Соның 86-ына қатысы бар баукеспелер ұсталды.

Подъезге кіру де ұрыға қиындық тудырмайды. Оған тәртіп сақшылары сынақ өткізіп көз жеткізді. Мәселен, көпқабатты үйдің дофонынан қоңырау шалып, өздерін түрлі қызмет ұйымдарының өкілі ретінде таныстырып еді ар жағынан тұрғындар есікті ойланбастан ашқан.

Осы ретте полиция қызметкерлері алдағы уақытта азаматтарды бұндай жағдайда аса абай болуға шақырады.

Тағы бір айта кететін жайт, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің біразында камералар орнатылған. Солардың көмегімен жыл басынан 300-ден астам қылмыстың беті ашылыпты.

Тогжан Акмагамбетова