Спорт

Қала дәрігерлері арасында шахматтан сайыс өтті

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасындағы турнир осымен 5 жыл өткізіліп отыр. Бұған дейін ақ халаттылар өз арасында үстел теннисінен кіл мықтыны анықтаса, осы жолы шахматтан сынға түсуде. Дәл қазір облыстық онкологиялық диспансердің маманы Айгүл Қасымғожина, облыстық балалар стоматологиясының дәрігерімен жарысып жатыр. Ақыл-ойды дамытатын спорт түрін бала кезінен үйренген нәзікжанды, қарсыласының тастарына шабуылдай отырып, мат қойды.

Айгүл Қасымғожина – облыстық онкологиялық диспансердің автоклавері:


– Кезінде интернатта тұрып, бәріміз бірге ойнап үйрендік. Біздің тәрбиешіміз өте жақсы кісі болатын, бізді бәрімізді үйретті. Бірінші рет осындай жарысқа қатысудамын.

Бұл жолы тапқырылық пен ой жүйріктігін талап ететін шахмат турниріне, емдеу орындарының қызметкерлерінен жасақталған 6 құрама қатысуға ниет танытқан.

Жанат Мұхамедқалиев – Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:


– Медицина қызметкерлері футбол, жеңіл атлетика, теннис, шахмат, волейболдан өзара мықтыны анықтайды. Өткен жылы дәрігерлер арасында ұйымдастырылған сайыста жалпыкомандалық есепте 1-ші орынды облыстық кардилогия ұжымы қанжығаларына байлады. Ал 2-ші, 3-ші орындарға 3-ші қалалық аурухана мен облыстық наркология қызметкерлерінен құралған командалар жайғасты.

Жарыс қорытындысы бойынша ойы ұшқыр шахмат майталмандарға диплом және кубок қарастырылған. Ал жаз айларында сала мамандары жеңіл атлетикадан шеберліктерін көрсетпек.

 

 

Бахыт Садвокасов