Қоғам

Латын қарпіне көшу үрдісі қарқынды түрде жалғасуда

Солардың бірі – “Солтүстік Қазақстан” және “Қызылжар Нұры” газеттері.

 

Эльмира Сәдуақасова – тілші:


– Бүгінге дейін қазақ халқының әліпбиі 4 мәрте өзгерілген. Алғашқы тарихи еңбектер түрік графикасында жарық көріпті. Кейін елімізде жүздеген ғасырлар бойы төте жазуы үстемдік етсе, 1928- 40-шы жылдар аралығында қазақстандықтар латын қарпін меңгерген болатын. Ал, қазірде қазақ даласында кириллица қолданылып келеді. Алайда, бұл біздің соңғы әліпбиіміз емес.

1920-шы жылдардағы жаңашылдықтарды алғашқылардың бірі болып қазіргі «Солтүстік Қазақстан» газеті бірауыздан қолдаған екен. 1920-шы жылдан қалың оқырманға жол тартқан мерзімді баспасөздің әрбір нөмірінде жаңа графиканы оқытуға бағытталған сабақтар да жүргізіліпті. Осылайша, біртіндеп «Кеңес ауылы» толығымен латынша басылған. Бүгін де қазақ әліпбиінде орын алған өзгерістерді аталған газеттен байқауға болады.

Ербақыт Амантайұлы – «Soltüstik Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары:


– Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласында латын әліпбиіне көшу мәселесі айтылған болатын. 2025 жылға дейін жаңа графиканы толық меңгермекпіз. Алайда, «Солтүстік Қазақстан газеті» қарап жатпай, өзгерістерді бүгіннен бастап кетті.

Латын қарпіндегі газеттің алғашқы нөмірі қазақ халқының жыл басы – наурыздың 22-сінен басылуда. Әзірге, мерзімді баспасөздің тек маңдайшасы мен айдарларының атауы ғана жаңа графикада жазылып келеді. Болашақта редакция мамандары латын жазуын оқытуға бағытталған сабақтар мен қысқаша мақалаларды оқырмандарға ұсынбақ ниетте. Себебі, аға буын өкілдеріне қаріпті меңгеруге біраз уақыт кетпек. Бұл үрдісті кейбір аудандық газеттер мен қалалық «Қызылжар Нұры» да жалғастырып кетті. Аталған мерзімді баспасөздің шеф-редакторы Нұргүл Оқашеваның сөзінше, жаңа әліпби ұлттық руханиятымыздың дамуы мен әлемде «Қазақстан» деген брендтің қалыптасуына септеседі.

Нұргүл Оқашева – конецформыначалоформы”Qyzyljar nury” газетінің шеф-редакторы:


– Бұл әліпби бізге көктен түскен жоқ. Кезінде Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақ зиялыларының төл дыбыстарымызды қосып, енгізген графикасы. Сондықтан, бұл өзгерісті бабалар атқарып кеткен жұмыстың жалғасы ретінде қабылдауымыз қажет
.

«Қызылжар Нұры» газетінің әзірге 2 нөмірі ғана латын қарпінде басылған. Алдағы уақытта бұл жұмыс өз жалғасын таппақ. Жалпы, еліміз 2025 жылға дейін бұл әліпбиді толық меңгеріп, көшуі қажет.

 

 

Эльмира Садвокасова