Құқық қорғау органдары

Бейнежетондар полицейлердің жұмысын біршама жеңілдетіп отыр

Жыл басынан облыс орталығында 16 мыңнан астам әкімшілік заңбұзушылық фактісі тіркелген. Оның дені көлік басқарған азаматтарға қатысты болып отыр. Алайда, жолда жүру ережесін бұзған тұлғалар кей жағдайда өздерінің айыпты екендерін мойындамайды. Осындай кезде полицейлердің қызметінде видеожетондардың алатын орны ерекше.

Асхат Құрмашев – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальонының полицейі:


– Бізге бейнетіркегіштерді табыстаған уақыттан бастап полицейлер кез келген жағдайда өздерінің дұрыстықтарын дәлелдеп, видеоматериалдарды сотқа жолдай алады.

Әсіресе, автокөлікті мас күйінде тізгіндейтін петропавлдықтар тәртіп сақшыларымен жиі сөз таластыратын көрінеді. Бірақ, ондайлар кінәсін қанша мойындамағанымен полицейлер бейнетіркегішке жазылған видеоны сот процесінде бұлтартпас айғақ ретінде пайдалана алады.

Шәмшиден Ақышев – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:


– Петропавл қаласы аумағында жол-патрульдік полиция қызметінің 10 автокөлік шығады. 6 пост-модуль олар барлығы бейнетіркегішпен қамтылған. Және полиция пунктерінде 13-де құрылғылар орнатылған.

Бүгінде Петропавл көшелерінде тәулік бойы 400-ге жуық бейнебақылау камерасы тұрғындардың жүріс-тұрысын қадағалауда. Ал, полицейлердің көмекші құралына айналған бейнетіркегіштің арқасында 800 заңбұзушылық анықталып отыр. Негізінен жерлестеріміз тыйым салынған орындарда спирттік ішімдік ішіп, қоғамдық жерлерде темекі тартқан.

 

 

Бахыт Садвокасов