Құқық қорғау органдары

Мамлют ауданының ішкі істер бөлімінде кәсіпкерлермен кездесу өтті

Жиын барысында ауылды аймақтардағы қарақшылық, тонау, интернет алаяқтық және ұрлық фактілері жайлы сөз қозғалып, оларды тыю амалдары қаралды. Полицейлер бұл нысандардың иелерімен бірлесіп жұмыс істеу – қылмыстардың санын азайтуға септесетініне сенімді.
Жалпы Мамлют ауданында 300-ден астам бейнебақылау камералары бар. Олардың 32-сі – Мамлют қаласында орнатылған. Құралдардағы бейнежазба аудандық кезекші бөлімге келіп түседі. Сондай-ақ, бұл қалада “Намыс” күзет агенттігі өз филиалын ашпақшы. Аталмыш нысанның директоры Жәнібек Кенжебаев жеке кәсіпкерлерге агенттікпен жұмыс істеудің оңтайлы жақтарын атап өтті.

Жәнібек Кенжибаев, “Намыс” арнайы агенттігінің директоры:

– Мамлют ауданы бойынша 3 адамнан тұратын мобильді топ құрылады. Олар нысандарды тәулік бойы күзетеді. Жеке кәсіпкерліктердің ғимараттары күзетке алынып, дабылқаққыш жүйесі және бейнебақылау камераларымен жарақталады. Барлық ақпарат аудандық ішкі істер бөлімінің 102 тетігіне келіп түсетін болады.

 

Молдир Макишева