Без категории

7 сәуір – Ерлікке тағзым күні


Осыдан 23 жыл бұрын 7-сәуірде жүк алып бара жатқан Қазақстанның ішкі әскер жауынгерлері Памир тауының Пшихавр шатқалы бойына тоқтап, таудың басына көтеріледі. 20 минуттан соң осы сәтті пайдаланған тосқауылда отырған ауған моджахеттері тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ұрыстың бірінші минуттарында-ақ интернационалист-жауынгерлердің взвод командирлері мерт болған. Жалпы мұздай қаруланған лаңкестермен кескілескен шайқаста 17 бауырымыз қаза болып, 34-і жарақат алады.

Оспан Әбдуалиев – ҚР ҰҰ әскери институты жалпы білім беретін пәндер кафедрасының бастығы:

– 1995 жылы 7-ші сәірде тәжік-ауған шекарасында 17 сарбазымыз қаза тапты. Олар тек бұл шекараның аумағын ғана емес, Орта Азияның 5 мемлекетінің тәуелсіздігін қорғады деп айтуға болады. Бұл жауынгерлер – біздің мәңгі есімізде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында 7-ші сәуір жыл сайын “Ерлікке тағзым күні” болып аталып өтіледі. Осыған орай Петропавлдағы Әскери институтта еске алу шарасы ұйымдастырылды. Жас курсанттар Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін үлгі тұтады. Олардың қайсарлығын ұмытпай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз дейді

Балғат Қайыр – ҚР ҰҰ әскери институтының курсанты:

– Батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Олардың ерлігі біз үшін әрқашан үлгі болып қалады.

Айта кеткен жөн, 1993 және 2002-ші жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасын 30-дан астам солтүстікқазақстандық сарбаз қорғаған екен. Ал, 95-ші жылдың 7-сәуірінде орын алған қанды оқиғада қаза тапқан жауынгерлердің арасында 3 жерлесіміз болған.

 

Молдир Макишева