Балалар

“Снежинка” балабақшасында өртке қарсы оқу-жаттығу жиындары өтті

“Снежинка” бөбекжайында әдеттегі жұмыс күні. Сценарий бойынша, кенет балабақша ішіндегі электр сымдарының бірі қысқа тұйықталып, нәтижесінде ғимаратта қызыл жалын лап ете түсті. Қас қағым сәтте өрт дабылы шырылдай жөнелді.

Дабыл қағылғаннан соң бөбектер мен қызметкерлер ғимаратты 7-8 минут ішінде босатулары тиіс. Балғындар лезде киініп баспалдақтан айғай-шусыз, ретпен түсіп келеді. Себебі, олар өрт кезінде ең алдымен сабырлық сақтау керектігінен хабардар.

Мадина Жүсіпова – “Снежинка” балабақшасының меңгерушісі:


– Апта сайын қызметкерлер мен балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, түрлі шаралар өткізіп тұрамыз. Бізде қажетті қондырғылардың бәрі бар, эвакуациялық есіктер әрдайым ашық. Тексерістерден сәтті өтіп тұрамыз, бүгінге дейін бір де бір олқылық анықталған жоқ.

5 минут ішінде далаға шыққан тәрбиеленушілерді “Береке” ықшам ауданындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің отряды күтіп тұр. Олар балғындарды өрт сөндіруге арналған көлікпен таныстырып, оның құрылымын түсіндіріп берді. Кейін балақайлар құтқарушының киім-кешектері мен құрылғыларын көзбен көріп, қолмен ұстау мүмкіндігіне ие болды.

– При пожаре надо звонить в 101.


– Я знаю все правила пожарной безопастности.


– Пожарная машина очень красивая.


Мұндай алдын-алу шарасын өткізуге балабақша басшылығының өзі ниет білдірген. Ал құтқарушылар болса оқу-жаттығу жиындарын өткізуге қуана келістік дейді.

Данияр Алимкин – Петропавл қалалық №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:


– Ғимараттағылардың бәрі сәтті эвакуацияланды. Қызметкерлер мен бөбектерге өрт болған жағдайда жасалатын іс -әрекеттерді егжей-тегжейлі түсіндіруге тырыстық. Балалар көп нәрсені біледі екен, өрт қауіпсізідігі шараларының жиі өткізіліп тұратыны байқалып тұр.

Бұдан соң, бөбекжай тәрбиеленушілері арасында өрт қауіпсіздігіне арналған спорттық эстафета өтті.

Саят Ермек