МТРА жаңалықтары

Қалада тәркіленген контрафактілік ішімдік пен темекі өнімдерінің кезекті партиясы жойылды

“Вторсырье” серіктестігінің аумағына келіп тоқтаған “Камаз” жүк көлігіне теріскей аумағында заңсыз сатылып келген арақ-шарап өнімдері мен темекі бұйымдары тиеліпті. Шығу төркіні бұлыңғыр тауалардың жолын кескен мамандар, енді оларды сот шешіміне сәйкес жою үшін әкеліп отыр.

Қорғанбек Бейсенбин – СҚО бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы:


– Бүгін ведомствоаралық комиссия өкілдерінің қатысуымен шөлмектер мен темекі өнімдері жойылады. Бірқатар алкогольдік сусындардың сақтау мерзімі өтіп кеткен. Кейбіреуінің ілеспе құжаты болмаса, енді бірінің құрамы адам денсаулығына өте қауіпті
.

– Ал мына жерде “Вторсырье” серіктестігінің қызметкерлері акциздік маркасы жоқ арақ-шарап өнімдерін жоюда. Мәселен мына сыраның тіпті сақтау мерзімі де өтіп кеткен.

Осылайша, кәсіпорын жұмысшылары заңсыз дайындалған 8900 шөлмекті бірінен соң бірін арнайы бөшкеге қотара бастады. Алдағы уақытта босаған бөтелкелер еліміздің арақ өндіретін зауыттарына қайта өңдеуге жөнелтілмек. Сондай-ақ осы күні заңсыз айналымнан алынған, акциздік таңбасы жоқ 125000 дана шылым қораптарының күлі көкке ұшты.

 

 

Бахыт Садвокасов