Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық әкімдікте қала құрылысының кеңесі өтті

 

Алдағы уақытта облыс орталығындағы бірқатар аудандар адам танымастай өзгермек. Тиісті ведомствоның сөзіне сенсек, қалада түрлі демалыс орындары мен тұрғын үй кешендерінің құрылысы бастау алмақ. Солардың бірі – Жас өркен шағын ауданында бой көтермек.

Серікжан Шитқанов – СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:


– Алтынсарин көшесінің бойында Петров және Партизан көшелерінің аралығындағы 19,5 гектар жерде 10 тұрғын үй кешені жоспарға кіргізілді. Ол жерде 597,6 шаршы метр аумақта 9960 пәтер болмақ. Баспаналарды тұрғызу үшін 279 жер учаскесін алу керек. Кейін Парк көшесі бойында Иртыш – Позолотин және Әуезов көшелерінің аралығында 792 пәтерге арналған тағы бір тұрғын үй кешені салынбақшы. Ол үшін тұрғындардан 29 жер учаскесі алынуы тиіс. Тағы нақ осы ауданда 250 адамға шақталған емхананың құрылысын жоспарлап отырмыз. Қазір ауданға тиісті инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде. Ал Таштитов көшесінде жаяу жүргіншілер жүретін жол салынатын болады.

Тағы бір емхана Мир көшесінің бойында салынбашы. Бірақ ол – 700 жатын орынға шақталмақ. Тағы бұл жерде 4 бірдей тұрғын үй кешенін салу көзделуде. М.Жұмабаев, А.Шәжімбаев және Пушкин көшелерінрің аралығында орналасатын бұл баспаналардың маңында тағы балабақша және мектеп салу жоспарланған. Осы ретте облыс әкімі құрылыс жұмыстарының кешенді орындалуын тапсырды. Яғни келешекте салынатын емдеу мекемесінің дәрігерлеріне тұрғын жайларды да сол маңайдан қарастыру керектігін жеткізді.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Жоба өте қызықты. Бірақ осы жерде айта кететін жайт бар. Емханада жұмыс істейтін дәрігерлерге сол жаңа тұрғын үй кешенінен пәтерлер қарастырылатын болсын. Осы жағын ойластырыңыздар.

Жәлел Қизатов көшесі бойында да ауқымды жұмыстар қолға алынбақ. Бұл жерде де 4 бірдей 9 қабатты баспана салу жоспарлануда. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылатын үйде 432 пәтер болмақ. Тағы «СтройТрансИмпорт» серіктестігі нақ осы аумақта өз қаржысына 4 қабатты жатақхана салуды көздеп отыр. Нысан келешекте шағын ауданда бой көтеретін әлеуметтік нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлерге керек болады дейді компания директоры Айдар Әбішев.

Айдар Әбішев – «СтройТрансИмпорт» ЖШС директоры:


– Біз кешенді құрылыс жоспарына тағы 300 орынға шақталған қонақ күту нысаны мен сауықтыруға арналған моншаны қоспақшымыз. Ол бір мезетте 120 адамды қабылдай алады. Қызмет көрсету орны Мәскеулік тәжірибе бойынша салынады. Ресей астанасында моншалар ерекше сұранысқа ие. Сондықтан қаламызда да мұндай нысан керек деп ойлаймын. Онда массаж, әсемдік салоны және фитнес болады.

– Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Елордада да ондай кешендер бар. Бұл дұрыс. Тұрғындар сол жерге отбасымен барып демалысын өткізе алады. Жалпы қаралған барлық жобалар көңілімнен шықты. Осылай жеке баспаналарды емес, тұтас кешендерді салу керекпіз. Ол үшін жаппай ескі ғимарттарды сүріп тастауға да болады. Мысалы Жас өркен шағын ауданында жер үйлер сырылып, барлығының қожайындарына баспаналар берілді. Жаңадан салынатын баспаналардың маңында балалар алаңдары, әлеуметтік нысандар да болуы тиіс. Осыларды ұмытпаңдар.

Шаһарды аббаттандырту шаралары да қалыс қалыс қалмақ емес. Қалада ерекше ландшафтылы жасыл желектер отырғызылып, жақын уақытта 30 аялдама қалыпқа келтірілмек.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:


– Спорт сарайы алдындағы аялдама шайба салынған хоккей қақпасы кейіпінде жасалмақ. Ал қазақ теары алдындағы нысан сахна сияқты формада дайындалады. Бұдан бөлек Ғ.Мүсірепов кіттапханасының маңында кітаптардан құралған аялдама орын теппек. Біз осы сынды тағы 3 жердегі аялдамалардың келбетін өзгертпекпіз. Қалған 24-ін жасауға байқау жарияладық. Оған қала оқушылары мен студенттер қатысып өздерінің ойларын білдіре алады.

Осы ретте облыс әкімі барлық ұйымдар мен кәсіпорындар және сауда орыдары өздеріне тиеісілі ғимараттарды қалыпқа келтіріп, қаланы аббаттандыру жұмыстарына қатысуы керектігін ескертті. Тағы өңір жетекшісі көше бойында заңсыз саудасын қызыдырып отырғандардың жұмысын ретке келтірер кез-келгендігін айтты.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Біз көріп отырмыз – мұндай жерлерден тағам тұтынғандар уланып жатыр. Өзге облыстарда сондай жайттар тіркелуде. Өйткені ондай жандардың тауарлары тексерілмейді. Саудаға бөгет болып жатқандар да жоқ. Енді олардың ісін тоқтатар кез келген сыңайлы. Сондықтан ішкі істер органдарына бұл мәселені назарға алуды тапсырамын.

Кейін Тайынша, М.Жұмабаев, Мамлют және Қызылжар аудандарының әкімдері жиында бой көрсетіп, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының сырт келбетін қалай түзетіп жатқандарын баяндады. Соңғы екі аудан басшысы баяндамаларын жасап үлгерді. Бірақ олардың жобалары бұрынғысынан аса өзгере қоймапты. Сол баяғы сұрғылт тартқан нысандар мен талапқа сай келмейтін ғимараттар салмақ. Мұндай іс әрине облыс әкімінің көңілінен шықпады. Құмар Ақсақалов қора сынды нысандар керек емес деп атқамінерлердің жұмысын қабылдамай тастады. Әріптестерінің мұндай сөгіс естігенінен сескенген болар М.Жұмабаев пен Тайынша аудандарының әкімдері келер жолы есеп беруге сұранды.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Аудан әкімдері жобаларын бір жерден жасатып алған сияқты. Осы сынды сиқы кеткен нысандарды мектеп оқушысы да сызып бере алады. Мұндай жобаны кеңеске қалай әкеліп тұрсыздар. Бұл ең алдымен сіздердің әкім ретіндегі жұмыстарыңыздың деңгейін көрсетеді. Басшы ретінде жасалған талпыныс көрінбейді. Өз аумақтарыңызды заманауи талаптарға сай ете алмасаңыздар, тіпті қарапайым жол бойындағы дәмханалардың сырт келбетін өзгерте алмасаңыздар онда не бітіріп жүрсіздер?! Сондықтан келер жолы істі тиісті ведомствомен бірлесіп тындырыңыздар
.

Алдағы уақытта полицейлер де өздеріне тиесілі бекеттерді қалыпқа келтірмек. Олардың кейбірі 35 жылдан бері жаңғырту көрмепті. Тағы қалаға кіре берістегі шаһардың атауы жазылған баған да жаңа кейіпке енетін болады.

Магжан Ахмадина