Қоғам

Латын әліпбиін меңгеруге ынталы жерлестеріміз көбейіп келеді

Кәмшат Ғабдуллина – “Арай” балабақшасының қазақ тілі пәні мұғалімі:

– Бірінші күннен жаңа әліпбимен таныстық. Жазылуын, айтылуын және оқылуын үйреніп жатырмыз. Диктант жазамыз. Елбасының қолға алуымен болып отырған бағдарлама. Сондықтан осы курстың ашылуын естіген соң, өзім келіп жазылып, оқуды мақсат еттім, үйренгім келеді.

Алғашында жаңа графикаға негізделген қазақ тілі қаріптерін тегін игеруге 6 жерлесіміз ынта танытқан. 3 айлық курста білімін толықтырып, латын графикасын шама-шарқынша меңгергендерге сертификаттар табысталмақ.

Жанат Мұхамеджанов – “Қызылжар” білім беру орталығының директоры:


– Әрине, бұл латын әліпбиін үйретудің өзіндік ерекшеліктері бар. Бүгінгі күні барлығымыз латын әліпбиін білгенімен, оқуға-жазуға келгенде қиыншылықтар туындап жатыр. Тыңдаушылардың көзі үйреніп, дағдылансын деп осы жерде өткізудеміз. Тыңдаушыларымыздың аяқ алысы жаман емес. 32 әріп қалды. Оның ішінде “ц, ю, я” деген әріптер түсіп қалды. Оны қалай жазамыз деген мәселе туындауда. Біздер осы әріптердің нақты орфаграфиялық әріптердің сөздігін күтіп жатырмыз.

Орталық оқытушысы Жанат Мұхамеджанов ақысыз дәрісті әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 16-00-де өткізеді. 1 сағаттық сабаққа қатысамын деген тұрғындар Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасына келе алады.

 

 

Бахыт Садвокасов