Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасарын қабылдады

АҚШ компаниялары Қазақстан нарығына 20 жыл бұрын кірді. Бүгінде мемлекет аумағында шет елдің 300 шақты компаниясы белсенді жұмыс істейді. Дені делдалдық қызмет атқарады. АҚШ-тан негізінен ауыл шаурашылығы техникасы импорталады. Құмар Ақсақалов өзге салалар бойынша алпауыт мемлекеттен аларымыз да үйренеріміз де көп дейді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Солтүстікқазақстандықтардың 56 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Сондықтан біз көп инвестицияны ауыл шаруашлығына бағыттаудамыз. Өңірімізде Джон Дир, Челленджер фирмаларының техникасы жоғары сұранысқа ие. Аграрийлер АҚШ-тың тауары сапалы дейді. Сіздің елде сандық технологиялардың көш ілгері дамығанын жақсы білеміз. Сондықтан осы бағытта бірлескен жобалар құруға әзірміз.

Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасары Джон Марк Поммершайм қолынан келгенінше екі жақты әріптестікті нығайтуға үлес қосатындығын айтты.

Джон Марк Поммершайм – Қазақстандағы АҚШ елшісінің орынбасары:

– Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланысты нығайтуға екі елдің Президенттері мүдделі. Қазақстанда үш тілділік саясаты жақсы жүріп жатыр. Бизнес климаты жақсы. Шетелдіктер бірнеше салық түрінен босатылған. Алдағы уақытта елдеріңізге инвесторларды тартуға өз үлесімізді қосамыз.

Қос тарап бұл кездесудің жақсы нәтиже беретініне сенімді. Құмар Ақсақалов АҚШ-тың қалталы азаматтарын күтетінін айтты. Қазіргі таңда Петропавл қаласының бір өзінде 20 шақты өндіріс алаңы бос тұр. Олар келешекте шетелдік инвесторларға берілуі мүмкін.

Берік Қасен