Қоғам

“Қазақстанның демократиялық таңдауы” партиясынан аулақ болған жөн

Еске сала кетейік, Мұхтар Әбіләзов бір кездері елдегі «БТА» банкін басқарған болатын. Сол жерде қызмет етіп жүріп экс-басшы 7 жарым млрд долларды қалтаға басқан. Кейін, бұл қаржымен шетелге табанын бір-ақ жалтыратқанын халық ұмыта қойған жоқ. Аталған қаржы ұйымында жерлесіміз Сергей Худяков жетекшілік ететін СҚО азаматтық альянс қауымдастығының ақшасы да сақталыпты. Абырой болғанда сомма іске мемлекеттің араласуымен кері қайтарылған. Осындай жағдайға тап болып, сан соғып қала жаздаған теріскейлік, “аялақ” Әбіләзов мырзаның әрекетін мүлде жақтамауды сұрайды. Сонымен қатар, белсенділер тұрғындарға әлеуметтік желелерде сақ болуға кеңес береді. Өйткені, интернетте партияны қолдап, оң пікір қалдырған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сергей Худяков – «СҚО азаматтық альянс қауымдастығы» ЗТБ төрағасы:

– ҚР Бас прокуратурасының мәліметінде Мұхтар Әбіләзов Украина еліндегі жағдайды қайталағысы келетіні айтылған. Яғни, ол көшедегі тәртіпсіздік арқылы ел билігіне келмекші. Менің ойымша Әбіләзов мырза мұндай әрекет арқылы өзі мен жинаған дүниесін қорғағысы келеді. Сондықтан да бұған әрбірміз мұқият қарауымыз керек. Партияның алдауына түспеген жөн.

Бақытжан Сәмиева – «СҚО іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы:


–  Менің бір таныстарым 2016 жылы Телеграмды ашқан. Соны ұмытып қалыпты. Соны біреулер “Қазақстанның демократиялық таңдауы” партиясына қосып қойыпты.

Култанов Байболат