Құқық қорғау органдары

Алаяқтық құрбаны болды

 

Интернет хабарландыруда арзан бағаға мопс тұқымдас иттің сатылып жатқанын көрген петропавлдық ойланбастан оның иесімен хабарласыпты. Сатушымен сөйлескен соң, нәзік жанды алғашқы жарнасын аударған. Оңай ақша табуды көздеген пысықай төрт аяқтыны поездың жолсерігі арқылы беріп жіберемін дегенімен, уәдеселскен уақытта не поезд, не ит болмай шығыпты. Ал жалған сатушының телефоны өшірулі. Алаяқтың құрбаны болағынын түсінген қала тұрғыны тәртіп сақшыларына хабарласқан. Іздестіру шаралары барысында сезіктінің Ақтөбе облысының 18 жасар тұрғыны екені анықталған.

Өмір Нұрахметов – СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:


–  Адамдарға белгісіз біреудің есебіне қаржы аурамау керектігін ескертеміз.

Қазір нәзік жанды осы тектес 11 алаяқтық фактісі бойынша күдікті ретінде қарастырылып отыр. Жалған ит сатушының құрығына негізінен елордалықтар түсіп, зардап шеккен. Ал алғашқы жарнаның құны – 30 мың мен 80 мың теңге аралығында болыпты.

Өмір Нұрахметов – СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:


– Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 190 бабы 4 тармағының 2-ші бөлігі бойынша іс қоозғалды. Егер кінәсі делелденсе онда 4 жылға дейін бас бостандығына айыру жазасы қарастырылған.

Жалпы жыл басталғалы солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары 13 интернет-алаяқтық фактісінің бетін ашқан.

 

Магжан Ахмадина