Құқық қорғау органдары

Тайынша ауданының ХҚКО-нда көлік иелеріне де қызмет көрсетіледі

Мұндай мемлекеттік қызметтерді алушылар өздерінің тиісті бағаларын беріп, қызмет көрсету уақытының қысқарғанын айтуда. Жалпы жыл басынан өңірімізде 5 мыңнан астам жүргізуші куәлігі беріліпті. 6 мыңнан астам темір тұлпар тіркеліп, 6 мыңға жуық автокөлік есептен алынып тасталған. Сондай-ақ, 890 көлік қолданыстан мүлдем шығарылыпты.

Жасұлан Оспанов – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы:


– Бүгін тіркеу-емтихан алу бөлімінің қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына көшірілді. Бұл негізінен тұрғындар үшін ыңғайлы әрі ашықтықты қамтамасыз етеді. Енді мемлекеттік қызметтер жылдам көрсетіледі деген ойдамын.

Тәттібай Махметов – Тайынша қаласының тұрғыны:


– ЦОНның ішінде барлығы бір жерде. Халыққа ыңғайлы. Жарты сағатта правамды ауыстырып алдым. Барлығы жақсы. Жұмыстарын жақсы істеп жатыр.

Байболат Култанов