Энергетика

Петропавл 2-ЖЭО өткен жылды қорытындылады

Оған қоса кәсіпорын басшылығы білікті еңбеккерлерінің жалақысын көтеру үшін еңбекақы қорын 154 млн теңгеге үстемелепті. Ал кәсіпорында ауқымды жөндеу жұмыстарына 1 млрд 322 млн теңге жұмсалған.

Виктор Бармин – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО директоры:


– Былтыр жылу қазандықтары мен бірнеше турбоагрегатты ағымдағы жөндеуден өткіздік. Сондай-ақ 4-ші, 5-ші, және 10-шы жылу қазандығы және 2-ші және 6-шы турбоагрегат күрделі жөндеуден өтті.

Осы жылға да Петропавл 2-ші жылу электр орталығының жоспары ауқымды.

Виктор Бармин – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО директоры:


– Биыл 3-ші секциядағы күл түсіретін дамбаны биіктетеміз. Автоматикалық трансформаторлар алып, диспетчерлердің байланыс құралдарын жаңартамыз. Сонымен қатар 8-ші және 11-ші жылу қазандықтары күрделі жөндеуден өтеді.

Биыл кәсіпорындағылар негізгі қондырғыларын жаңғыртуға 3 млрд 768 млн теңге жұмсамақшы. Бұл жұмыстар жылу және электр өндірісінің қуатылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Берік Қасен