МТРА жаңалықтары

Облыстың белсенді азаматтары “Қазақстанның демократиялық таңдауы” партиясынан аулақ болуға шақырады

Отандық банктердің бірінен қаражат жымқырып, бүгінде шет елде тығылып отырған Мұхтар Абләзов әлеуметтік желілер мен танымал мессенджерлер арқылы белсенді түрде қазақстандықтарды аталмыш партияға мүшелік етуге, сондай-ақ, билікке қарсы шығуға үгіттеп, әлеуметтік қайшылықтарды тудыруды жалғастыруда. Сондықтан, наурыз айының басында еліміздің бас прокуратурасы “Қазақстанның демократиялық таңдауы” партиясын экстермистік ұйым деп жариялап, ел аумағында оған тыйым салған болатын. Енді ғаламторда партияның жұмысын жақтауға бағытталған посттар жазып, оң пікір қалдырған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Белсенді жерлестеріміздің сөзінше, Абләзов жетекшілік ететін бұл партия еліміздің конституциялық құрылымын бұзып, халық пен билік арасында алауыздық тудыруға бағытталған.

Ескендір Елеусізов – СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:


– ҚДТ партиясының жетегінде кетпеуге кеңес беремін. Шет елде отырып, мемлекетімізді басқарамын деген адамға сенуге болмайды. Бұл Қазақстан халқы үшін жат нәрсе. Тыныштығымызды, бейбіт өмірімізді бұзбайық.

Абылайхан Қайроллаев – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ жетекшісі:

 


– Әлеуметтік желілердегі посттарға назар аудармауға, пікір қкалдырмауға кеңес беремін. себебі бұл үшін жауапкершілікке тартылуға болады.

Саят Ермек