Мәдениет

Петропавлда халықаралық джаз фестивалі өтті

Бүгін астаналық меймандар теріскейлік өнер сүйер қауымға төрткүл дүниеге танымал деген 2 композицияны орындамақ. Соның бірі, Тина Тернердің ” Simply The Best” әні.

16 жасар Әлжан Тілеуғали музыкалық аспаптарда 2 жылдай ойнап жүр. Саксафон, гитара мен пиониноны қысқа ғана уақыт ішінде менгерген жасөсіпірім келешекте биік асуларды бағындырмақшы.

Әлжан Тілеуғали – Қазақ ұлттық өнер университетінің 2 курс студенті, Астана қаласы:


– Болашақта мен танымал саксафонист болғым келеді. Қазақстанның атын барлық әлемге танытуды армандаймын.

Джазды сүйіп тыңдайтын жұртшылық алдында жас әнші Данияр Жолбарысов та өнер көрсетті. 20 жастағы Данияр Nina Simone-ның – Feeling Good туындысын Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының оркестрінің сүйемелдеуімен шырқауда.

15 жыл көлемінде сахна төрінде өнер көрсетіп жүрген бозбала түрлі жанрлардағы әндерді орындайтын көрінеді.

Данияр Жолбасыров – Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солист-вокалисі, Көкшетау қаласы:


– Халықаралық джаз фестивалінде бірінші рет қатысып отырмын. Бұл мен үшін зор мәртебе. Өйткені, кішкентайымнан оркестрмен бірге ән орындауды аңсайтынмын. Оған бүгін қол жеткізгеніме қуаныштымын.

Биылғы халықаралық джаз фестивалі 170-ке жуық музыканттың басын біріктірді. 2 күнге жалғасқан байқауға қатысушылар еліміздің 7 қаласы мен Ресейдің Челябинск және Магнитагорск өлкелерінің намысын қорғады.

Геннадий Брюханов – облыстық филармониясының эстрадалық және джаз музыкасы оркестрінің көркемдік жетекшісі:


– Аталған джаз фествалі сонау 20 ғасырдың соңынан бастап өткізіліп келеді. Биыл 11-ші рет ұйымдастырылып жатқан байқау халықаралық деңгейге көтерілді. Бұрын соңды қатыспаған ұжымдар өнер көрсетуде.

Залға жиылған музыка сүйер қауым халықаралық фестивальге қатысушылардың кәсіби шеберліктерін жоғары бағалады.

 

Тогжан Акмагамбетова