Қоғам

Аутизм дертіне шалдыққан балғындардың ата-аналары акция ұйымдастырды

 

Олар осылайша, жұртшылық назарын өздеріне аудартпақ ниетте. Өйткені, бүгіндері өңірімізде аутизм дертіне шалдыққан балғындарды оңалту орталығы жоқ. Ата-аналар бүлдіршіндеріне арнайы балабақша да болса дейді. Сондықтан еліміздің барлық өңірлерімен бірлесіп олар әуеге 100 көк түсті шар ұшырды. Акцияға қатысқандардың бірі – Зарина Әлішева. 3 баланы тәрбиелеп отырған ана бұл проблемамен 3 жыл бұрын кезігіпті. Оның ортаншы ұлы – Расулға дәрігерлер аутизм диагнозын қойған екен.

Зарина Әлішева – ата-ана:

 


– Расул бір аптадан соң 8 жасқа толады. Ал аутизм диагнозы оған 5-ке келгенде қойылды. Біздер көпке дейін білген жоқпыз. Кейін баланы арнайы мамандарға апарып, оңалтудан өткіздік. Қазір көбірек сөйлеп, адамдармен араласатын болды. Сырт көзге қарағанда ұлымды ауру деп айта алмайсың. Тек ерке, бұзық бала деп ойлайсың. Биыл балам арнайы мектепке 1-ші сыныпқа барды.

Шохтыбаева Гульмира