Қоғам

2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күні

Содан бері жеткіншек әр қайсысы 1,5 млн теңге тұратын 2 емдеу курсынан өткен екен. Бүгін 9 жасар Роман көпшілік алдында жаттап келген өлеңін қысылмай айтып шықты.

Роман Низамутдинов:

– Менің айтқан өлеңім осы кеселге шалдыққан балаларды қолдауға арналған. Бізді ешкім шеттетпей, осындай қалпымызда қабылдаса екен деймін.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы уақытта қоғамда аутизм дертіне шалдыққан балғындардың саны артқан. Қазіргі таңда облыста 400-ге шақты аутист балғын тіркелген. Соның 44-і – “Мой ребенок” ҚБ-нің құрамына мүшелік етіп отыр. Аталмыш ұйым өткен жылы осындай науқас бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған ата-аналарының ұйытқы болуымен құрылыпты.

Наталья Бушуева – “Мой ребенок” ҚБ төрайымы:

– Аутизм – ақыл-ойындың тежелуінен туындайтын ауру. Әрі қиындығы сол – дер кезінде анықтала қоймайды. Тек кейбір жағдайларда бұл індеттің белгілері ерте жастан байқалып, баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасады. Әдісін тапса, бала одан айығып кетуі де мүмкін.

Сонымен қатар, кездесуде аутизм ауруына душар болған балалардың өмірі жайлы бейнеролик ұсынылды. Жалпы бұл шара бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай ұйымдастырылған.

 

Бахыт Садвокасов