МТРА жаңалықтары

Шал ақын ауданының тұрғындарына Елбасының 5 бастамасы түсіндірілді

Біреуі үстіміздегі жылы тапсырылады. Оның құрылысына облыс қазынасынан 200 млн теңге бөлініп те қойыпты. Жаңа пәтерлер шалақындықтарға жаңа шарттармен берлімек. Екінші бастама еңбекақысы төмен жұмысшылар үшін салық жүктемесін төмендетуді көздейді.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


– Жалақысы төмен азаматтарды қолдау мақсатында 2019 жылдан бастап еңбекақылары 60 мың 125 теңгеден төмен қазақстандықтар үшін табыс салығы 10 пайыздан 1 пайызға дейін төмендетіледі. Осылайша, отандастарымыздың еңбекақысы артады.

Келер жылдан бастап салықтың төмендеп, жалақының артатыны халықты әрине қуантпай қоймады.

Айгүл Тасжанова – Сергеевка қаласының тұрғыны, Шал ақын ауданы:


– Аудандық кітапханада жұмыс істеймін. Жалақым 49 мың теңге. Сондықтан кіріс салығы төмендеуі мен үшін біраз жеңілдік болар еді.

Шал ақын ауданының әкімі Нұрлан Есімов салық жүктемесінің азаюы өз кезегінде жергілікті қазынаға құйылатын қаражат мөлшеріне әсер ететін айтады. Сондықтан, жергілікті басшылық қазірден қосымша табыс көздерін қарастыруда.

Нұрлан Есімов – Шал ақын ауданының әкімі:


– Аудан тұрғындарының жалақысы төмен. Бюджетке түсетін қаражаттың бір бөлігі – осы тұрғындардың салықтарынан тұрады. Ол азайса, әкімдіктің жұмысы қиындай түспек. Сондықтан, биылдан бастап қосымша табыс көздерін іздеуге кірісіп кеттік.

Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттырып, жатақханамен қамту мәселесін түбегейлі шешуді көздейтін үшінші және шағын несиелендірудің өрісуін кеңейтуге бағытталған төртінші бастама да сөз болды жиында. Өз үндеуінде Президент үстіміздегі жылы қазақстандықтарға берілетін шағын несиені былтырғымен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көбейтуді тапсырған еді. Бұл кәсіп ашып, ісін дөңгелетуге ниет білдірген шалақындықтардың санын біршама көбейтеді дейді аудан басшысы.

Нұрлан Есімов – Шал ақын ауданының әкімі:


– Жыл сайын бизнес ашу үшін несие алуды көздеген аудан тұрғындарының саны артып келеді. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 120 млн теңгеге өтініш түсті. Дегенмен, ауыл тұрғындарының кейбіріне 6 пайыздық үстеменің өзі көп. Сондықтан, ставка тағы төмендесе жақсы болар еді.

Шалақындықтарды бесінші бастама – елді-мекендерді газбен қамту мәселесі де ерекше толғандырды. Кейбірі Сенат депутатына көкейдегі сұрақтарын да қойды.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


– Бізге газ құбырларының Петропавлға келгені маңызды. Шаһар толығымен қамтылса, Сергеевка қаласы да шет қалмайды. Құбырларды аудан орталықтарына өткізу үшін қаражат табылады. Алдағы 5 жыл ішінде облыс толығымен газбен қамтылуы тиіс.

Жиында Елбасы үндеуіне арқау еткен бес бастаманың бесеуі де жан-жақты қамтылып, Шал ақын халқының көкейіне жеткізілді. Мұндай іс-шаралардың легі 6 сәуірге дейін өз жалғасын таппақ.

Саят Ермек