Спорт

Петропавлда үздік әуесқой хоккей құрамалары анықталды

Екінші кезеңде де қарқынын үдеткен бастомарлықтар қарсыластарына есеп ашуға мүмкіндік бермеді. Тек соңғы периодта намысқа тырысқан аққайыңдықтардың қақпаға бағыттаған шайбасы тиісті жерден көрініп, құрамаа 3 ұпайға қол жеткізді. Ойынның соңғы минутында қос команда бір-бірінің қақпасына шайба бағыттағанымен, оларынан еш нәтиже шықпады. Сөйтіп, қорытынды есеп 10:3.

Иван Калиниченко – “Бастомар” командасының капитаны, М.Жұмабаев ауданы:


– Біздің құрамамыз 2003-ші жылы құрылды. Ол кездегі ойыншылардың басым бөлігінің орнын қазір 18 жастан асқан жастар басуда. Ұжым биылғы маусымға тиянақты дайындалып, бүгін міне жеңіс тұғырынан көрінді.

Әуесқой спортшылардың басын қосқан шайбалы хоккейден облыстық чемпионат өткен жылдың 1 желтоқсанында басталған болатын. Міне, облыс әкімінің кубогі үшін өткізілген сайыс қорытындысы жарияланып, мұз айдынына осы маусымда фаворит атанған құрамалар шықты. Биылғы ойындарда 3 орынға аққайың құрамасы тұрақтап оларға 100 мың теңгенің сертификаты табысталса, екінші тұғырдан көрінген петропавлдық ойыншылар 200 мың теңгенің жүлдесін қанағат тұтты. Ал осы жолғы жарыстың үздіктері – М.Жұмабаев ауданының Бастомар құрамасы. Олар 300 мың теңге мен ауыспалы кубокқа ие болды.

Александр Нелюбов – жарыстың бас төрешісі:


– Дәстүрлі турнирге Петропавл мен өңір аудандарынан жалпы саны 9 құрама қатысып, басым түскендері ақтық кезеңге жетіп отыр. Осы маусымда ақтық кезеңге дейін 22 кездесу өтті. Жарыстар Петропавл қаласындағы спорт кешендерінен өзге, аудандардағы хоокей корттарында да ұйымдастырылды.

Сайыс соңында ойыншылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

Бахыт Садвокасов