Петропавлда санкт-петерборлық дәрігерлер қабылдау өткізуде

Денсаулық сақтау

15:01 30 Наурыз 2018

Владимир Бочановский – Санкт-Петербургтық “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Атланттың жылжуынан ірі және ұсақ қан тамырлары қысылып, миға қан жетпей қалады. Нәтижесінде остеохондроз орын алып, көздің көру қабілеті нашарлайды. Тіпті, науқас жүрек талмасына ұшырауы мүмкін. Жалпы бізге жүгінетін пациенттердің жас ерекшелігі әр түрлі. 6 айлық баладан 80-ге жеткен қарттарды да емдейміз.

“Атлант” медициналық орталығы 2011 жылдан жұмыс істеп келеді. Ал Петропавлда олар осымен 3-ші рет қабылдау жүргізуде. Бұл аралықта ақ халаттылардың көмегіне 50-ге жуық солтүстікқазақстандық жүгінген.

– Атлантқа жасалған процедурадан кейін көзімнің көру қабілеті анағұрлым жақсарды. Түстерді анық көре бастадым. Бұдан бөлек есте сақтау қабілетім артты.

– Күнде таңертең төсектен тұрғанда белім шыдатпай ауыратын. Процедурадан кейін жағдайым жақсарды. Бойымда күш-қуатым көбейіп, кереуеттен қиналмай тұратын болдым.

Орталық дәрігерлері 1980 жылдардың ортасында патенттелген швейцарлық емдеу әдісін пайдаланады. Яғни, пациенттер
вибропрессура әдісі арқылы ем қабылдайды. Бұндай ем түрі атланттың жылжуын төмендетеді немесе буынды орнына келтіреді.

Владимир Бочановский – Санкт-Петербургтық “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Мойынның терең бұлшық еттеріне аппараттың көмегімен әсер етеміз. Ол өз кезегінде тікелей атлантқа серпін береді. Осындай әдістің көмегімен, омыртқа бұлшық еттерінің функциясын қалпына келтіреміз. Бір айдан соң ем алған пациенттер қайта қаралуы керек. Кейін оларға гимнастикалық жаттығуларды ұсынамыз.

Петропавлда шетелдік мамандардың қабылдауы сәуірдің 3-не дейін жалғаспақ. Дәрігерлердің көмегіне 63-21-72 нөмірі арқылы жазылуға болады. Консультацияны М.Жұмабаев көшесі, 109 мекен-жайындағы “Панацея” медициналық орталығында алуға болады.

Молдир Макишева

Бұдан әрі оқыңыз

МӘМС жұмысы түсіндірілді
1-қаңтардан бастап елімізде МӘМС жүйесі енгізіледі
Суицидтің алдын алу жайы талқыланды
МӘМС жүйесінің жұмыс істеу механизмі түсіндірілді
Санитарлық авиацияның жұмысы
СҚО-да 2 мың әйел сүт безі обырына шалдыққан
МӘМС механизмі түсіндірілді
Енді қазақстандықтар дәріханалардағы препараттардың бағасын бақылай алады
Дәріханалардағы қымбатшылықты жою жайы талқыланды
Қарашаның 21-і – Халықаралық темекіден бас тарту күні