Білім

Облыстық мәслихаттың ХХ сессиясы өтті

Бұл тектен-тек емес, өйткені сессияда қаралған алғашқы сауал нақ осы саланың дамуына қатысты болды. Ведомство басшысы Гүлмира Кәрімованың баяндамасына сай бүгіндері теріскейде 25 коллежд студент даярлайды. Олардың 22-сі мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік нысандар. Оқу ошақтарында 75 мамандық пен 112 біліктілік бойынша 12 мың 260 жас білім алады. Студенттер үшін бар жағдайлар жасалуда. Дегенмен әлі де болса, проблема жетерлік.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:


–  Қаладағы колледж студенттеріне жатақхана жетіспейді. Сондықтан 1000-на астам жас пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Одан бөлек, өңірдегі кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасын нығайту қажет. Түрлі құрылғылар алып, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасалуы тиіс.

Бүгіндері бұл мәселені шешуге колледждерге әлеуметтік серіктестері яғни, кәсіпорындар да қолдау көрсетуде. Дуалды оқыту жүйесі жолға қойылып, тәжірбиеден өткен студенттердің көбі сол мекемелерде қалуда. Жалпы өткен жылы осындай білім ошақтарын бітіргендердің 2682-сі жұмысқа орналасқан.

Гафура Бөстекова – Облыстық мәслихат депутаты:


–  2017 жылы «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша студенттердің алғашқы легі оқу бітірді. 67 жастың 52-сі жұмысқа орналасса қалғаны ЖОО-оқуға түсті. Осы ретте айта кету керек, бүгіндері кәсіпорындардың колледжерге қолдау көрсететіндігі қуантады.

Ерлан Алпысов – Облыстық мәслихат депутаты:

 


–  Бүгіндері кәсіпорындар өздеріне жұмысшылар керек екендігін жақсы біледі. Сондықтан тәжірбие алуға келген студенттерді баулып, кейін оларды жұмыспен қамтуға әзір. Бұл да мекемелердің әлеуметтік жаупкершілігінің жоғары екендігін білдіреді.

Кәсіптік-техникалық білім беруді дамытуды қарастырған алғашқы сауал депутаттардың бірауыздан қолдауын тапты. Кейін жиында бюджеттің нақтылануы сөз болды.

Мағжан Ахмадина