Мәдениет

Теріскейлік “Бұлақтар” би ансамблі халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Міне, жүрдек поез да келіп жетті. Роза Тәжібаева өзінің 9 жасар немересі Алдияр Қайыржанды қарсы алуда.

Роза Тәжібаева – Алдиярдың әжесі:


– Біз өте қуаныштымыз. Жоғары жақтан көріне берсін. Мектеп ұжымы мен жаттықтырушысына ризамыз. Балаларымыз Астана төрінде көрініп, аман есен келіп жатыр.

Алдияр Қайыржанның бимен айналысып жүргеніне биыл 3-ші жыл. Дарынды жеткіншек осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге жетіп үлгеріпті.

Алдияр Қайыржан – №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің 3-сынып оқушысы:

– Маған билеген ұнайды. Өйткені, сен әрдайым қозғалыста боласын. Сондықтан үйірмеде де, сайыстарда да бар ынта-жігерімді саламын.

Талантты балалардың бағын ашатын өнер додасында би ансамблі сыған және кавбой билерін ұсынған. Үш күнге созылған байқауға Ресей, Қырғызстандық және еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 1,5 мыңнан астам жасөспірім қатысыпты.

Наталья Фоменко – №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені директорының орынбасары:

– “Бұлақтар” өнер ұжымы мектеп қабырғасында 8 жыл бұрын құрылды. Қазір аталған шығармашылық ансамбльдің құрамында 3-ші сынып оқушылары өнер көрсетеді. Осы уақытта жеткіншектер түрлі облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Ендігі кезекте, солтүстікқазақстандық жеткіншектер Қырғызстанның Шопан ата қаласында өтетін халықаралық байқауға қатысуды жоспарлап отыр. Дүбірлі дода шілденің 30 мен тамыздың 6-сы күндері өткізілмек.

Тогжан Акмагамбетова