Қоғам

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Былтырдан бастап, оның қатарына бәсекелестікті қорғау да кірді. 2017 жылы департамент мамандары 7 тексеріс өткізген. Нәтижесі көңіл көншітпейді.

Жандос Ермағамбетов – Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:


–  Өткен жылғы тексеріс барысында 7 заңбұзушылық анықталды. 4 жағдайда мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекет еткені анықталды. 2 факт нарық субъектілерінің бағаны келісіп көтеруіна қатысты. Тағы 1-уінде монополистер бәсекелестікке қарсы келісімдер жасасқан. Олқылық жасағандардың 3-уі жеңіл жазамен құтылып, қателікті жою жөнінде нұсқаулықтар берілді. Қалғандарына 11 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Кейін жиында біз тұтынып жүрген өнімдердің сапасы жайлы сөз қозғалды. Өткен жылы мамандар 2728 азық-түлік пен халықтық тұтынымдағы тауарды тексеріп, 180-і талаптарға сай келмейтінін анықтаған. Бұл өнімдердің 93 пайызы – азық-түлік тауарлары.

Арман Күшбасов – СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

– Талапқа сай келмейтін өнімдердің 68 пайызға жуығы – импорттық тауарлар. Олар негізінен Ресей, Қытай, Германия, Беларусь, Нидерланды, елдерінен жеткізілген. Қалғаны өзімізде жасалған өнімдер. Ал тағам түрлеріне келер болсақ, ол – балық, ет, сүт және жеміс жидектер мен көкөністер.

Осы ретте қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені ерекше бақылауға алу керектігін ескертті. Әсіресе, жаз мезгілінде жеткізілетін жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің сапасы сын көтермейтін көрінеді. Бірақ бұл ретте бар кінәні жергілікті сатушыларға артып қоюға болмайды. Ал бізде көбіне солар жазаланады екен.

Қайырлы Едіресов – СҚО қоғамдық кеңестің төрағасы:

– Жазғы уақытта көкөністер мен жеміс-жидекті жиі тұтынамыз. Олар бір-екі күннен соң бүлінеді. Бірақ сол сапасыз өнім үшін жергілікті жерде тұрған кәсіпкерлерді жазалаймыз. Ал тауарды бізге өндірушілер әкеледі ғой. Неге соларды жазаламасқа?

Осыған орай қоғамдық кеңес мүшелері жаз соңында рейд ұйымдастырмақшы. Бұл ретте тек азық-түлік өнімдерімен шектелмей, өзге тауарлардың да сапасын тексеріп, рейдке шығу керек деген ұсыныс тасталды. Өйткені, бүгіндері балаларымыз тұтынып жүрген ойыншықтарда да ағзаға зиянын тигізер заттар анықталады.

Юрий Наумочкин – облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, СҚО әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі:

 

– Біздегі басты проблема – заңда мұндай пункттің болмауы. Халықтан түсетін шағымдар бойынша жедел әрекет ете алмаймыз. Өйткені, ең алдымен тиісті құжаттарды реттеп, тексеру жұмыстарына рұқсат алу керек. Ал олай жүргенде уақыт өтіп кетеді. Бізге тұтынушылар мен бизнесмендерді бірдей қорғайтын заң керек. Осыны депутаттарға жеткізген жөн.

Бұдан соң, жиында кеңес мүшелеріне облыстық бюджеттің нақтылануы жайлы ақпарат берілді.

Магжан Ахмадина