Қоғам

“Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”

Дәл қазір қыздар әділқазылар мүшесі тапсырған тағам түрлерін әзірлеу үстінде. Алдымен бұрымдылар винегрет салатын дайындауы тиіс болса, кейін картоп зразасын бабына келтіріп пісіру қажет. Қос тапсырманы орындаған Покровка орта мектебінің оқушысы Айгүл Мұқатаева, сыннан мүдірмей өткеніне сенімді.

Айгүл Мұқатаева – Покровка орта мектебінің оқушысы, Есіл ауданы:


– Кішкентай кезімнен анамның жанында жүргендіктен анамның дайындаған астарын көріп, үйреніп алдым. Анамның үйреткен кеңестері арқасында бүгін жеңіске жетемін деп ойлаймын.

“Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер” демекші, қыздар қазыларды аспаздық өнерімен тәнті етсе, ұлдар жағы технология кабинетінде киім ілгіш жасауда. Жомарт Елубаев тапсырманы 1 сағаттың ішінде аяқтады.

Жомарт Елубаев – №1 қазақ орта мектебінің оқушысы, Шал ақын ауданы:


– Осы жарысқа өзімнің біліктілігімді сынау үшін келдім. Бірінші орын алуға үміттімін. Қазылар әділ шешім берсе жеңемін. Керекті ағашты берді.Шаблон арқылы керекті мөлшерде сызып, жасадым. Ақырын бара бастағаннан бастағасын, қызығушылығым арта бастады.

Ұйымдастырушылар осындай кәсіптік шеберлік байқаулары арқылы жұмысшы мамандықтарына ебі бар мектеп бітіруші түлектерді анықтамақ.

Наталья Новикова – №8 эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің технология пәні мұғалімі:


– Қыздар үй тапсырмасына сәйкес кондитерлік өнімдерді дайындап әкелулері тиіс болды. Қазылар алқасы үміткерлердің тағам әзірлеу қабілеті, асты дастарқанға ұсыну әдебі мен киім үлгісіне ерекше мән береді. Біз осындай шара арқылы жастарға жұмысшы кәсіптерін меңгеруге жол сілтейміз. Егер баланың аталған мамандықтарға талабы болса, олардың әрі қарай оқуға түсулеріне, тіпті жұмысқа орналасуларына да жағдай жасаймыз.

Бұдан бөлек, барлық қатысушыларға диплом және бағалы сыйлықтар қарастырылған.

 

Бахыт Садвокасов