Құрылыс

Есіл өзенінің жағалауы өзгермек

Бүгіндері олар тағы «Трио» және екінші «Қызылжар» кешендерінің құрылысын бастап кеткен. Бұдан бөлек, серіктестік «Ақ қайың» деп аталатын жобаны қолға алыпты. Ол 3-ші емхана маңында орналаспақ. Құрылысшылардың көздегені – болашақ баспанының маңындағы жасыл желекті кеспей, жайқалып өскен ақ қайыңдарды сол қалпында сақтап қалу. Бұл ағаштар көпқабатты үйдің сәнін келтірмек.

Александр Авдеев- «Казградстрой» ЖШС бас директоры:


–  Жайқалған орман ішінде кішігірім жолақтар салынып, таза ауада серуендеуге жағдай жасалады. 8 подъезден тұратын 18 қабатты үйдің маңына тиісті инфрақұрылым тартылып, сауда орталығы мен балабақша тұрғызуды жоспарлап отырмыз. Бұл баспана өз пәтерін аламын деген жас отбасыларға жақсы мүмкіндік болмақ. Оның шаршы метрінің бастапқы бағасы 140 мың теңгенің маңайында. Елбасы өзінің үндеуінде баспанамен қамту жайын айтып кеткен болатын. Бұл сол бағдарламаның бір бөлігі болады деген ойдамын. Өйткені біздер қазір екінші деңгейлі екі банкпен келісіп 7 пайыздық үстемеақымен ипотека беруді де ойластырып жатырмыз.

Жоба қолдау тапса, компания оны 1,5 жылдың ішінде салып, қолданысқа бермек. Жалпы бұл бастамасы ғана дейді Александр Авдеев. Келешекте олар тағы Есіл өзені бойындағы жағалауды да адам танымастай етіп өзгертуді көздеуде. Міне, мынау Набережная көшесі бойында болашақта орын алатын жаңғыру жұмыстарының нобайы. Макетте кішкентай ғана болып көрінетін үйлер, шын мәнінде шаһарымыздағы ең биік ғимараттар болмақ. Яғни, бұл жерде 25 қабатты 6 баспана бой көтереді.

Александр Авдеев- «Казградстрой» ЖШС бас директоры:


–  Үйлердің астыңғы 2 қабатында кеңселер мен дүкендер орналасатын болады. Бір сөзбен айтқанда, тұрғындардың ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасалады. Баспанадардың барлығының астында жерасты паркингтер орын теппек. Балалар алаңқайы мен көгалдар салынады. Ол жерден Есіл өзеніне дейін 200 метрдей бос учаске болады. Сол аралыққа әйгілі «Мега» ойын-сауық орталығы мен океанариум салуды көздеп отырмыз.

Ал Есіл өзені тазартылып, жағалауында демалыс саябағы пайда болады. Онда да петропавлдықтардың жақсы демалыс өткізуі үшін бар жағдай жасалмақ.

Александр Авдеев- «Казградстрой» ЖШС бас директоры:

 


–  Есіл өзені жарқабағының бойына 3 деңгейлі жолдар төселеді. Сарқырама жасалады. Маңайындағы қамыстарды шауып тастап, ол жерде жастардың дем алып, қайық, каноэде жүрулеріне жағдай жасалады. Тағы осы жерде шаңғы базасын салу көзделуде. Ол жерде тек шаңғы ғана емес, сноуборд тебуге де болады. Жалпы бұл жоба шлюзден «Солнечный» санаторийіне дейінгі аумақты қамтиды. Сол жердің барлығы осылай қалыпқа келтірілмек. Бұл жұмыстарға мемлекеттен қолдау көрсетілсе екен дейміз.

Тағы жоба бойынша компания қызметкерлері Есіл өзені арқылы Қорғанға бастайтын көпірді де заманауи талаптарға сай етіп жасауды көздеп отыр.

Мағжан Ахмадина