МТРА жаңалықтары

Ата-баба рухына тағзым

Мейман Ұлы Отан соғысы жылдары фашист әскеріне қарсы шығып, Ленинград, Эстония, Польша, және Чехословакияны азат етуге қатысқан жергілікті 314 атқыштар девизиясы жауынгерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Даңқты девизия 1941 жылдың жазында Петропавл қаласында құрылған болатын. Ал олардың соңғы шайқасы Прага операциясы болды. Сондықтан Ладислав Штайнхюбель солтүстікқазақстандықтармен бірге, сұрапыл соғыс жылдары опат болған жауынгер ата-бабаларының рухына тағзым етіп, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Айта кетейік, биыл екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай мәртебелі мейман шаһарымызда ескерткіш тұрғызылса деген ойын білдірді. Бұл нысан өткен ғасырдың 18-19 жылдары азаматтық соғыс кезінде Петропавлда келген чех легионерлеріне арналмақ.

Ладислав Штайнхюбел – Қазақстандағы Чехия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары:

 


–  Мұндай шараға қатысу біздер үшін үлкен мәртебе. Бұл девизия соғыс жылдары Чехияны жаудан азат етуге қатысты.Осы жауынгерлердің арқасында біздер бүгіндері бенйбіт өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан чехиялықтар олардың ерлігі алдында мәңгі қарыздар. Тағы биыл біздер Чехословакияның тәуелсіздігін алғанына 100 жыл толуын тойлаймыз. Осыған орай чехиялық легионерлерге арналған ескерткіш құруды жоспарлап отырмыз. Ол біз үшін маңызды. Өйткені, нақ солар тәуелсіз әскеріміздің құрылуына мұрындық болды.

Мағжан Ахмадина