Аптадағы маңызды жаңалықтар

5 әлеуметтік бастама халықтың тұрмыс жағдайын жақсартады

Бұл жолғы отырысқа қатысқан түрлі мекеменің өкілдері жиналғандарға Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын тарқатып айтып берді. Маңызды құжатта қозғалған тұрғын үй, білім беруге қатысты мәселелер кез-келген отбасын алаңдатары сөзсіз.

Асыл Жүнісова – «Өрлеу» БАҰО” АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» басқарма басшысы:

 


– Бүгінгі жиынға бірнеше мекеменің өкілдері келіп отыр. Мемлекеттік кірістер департаменті, қаржыгерлер мен салықшылар, “Нұр Отан” партиясының мүшелері. Педагогтар көп мәләмет алады деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы өз құжатында, әсіресе, жалақысы аз азаматтарға көңіл бөлінетіндігін ерекше атап өтті. Аталған санаттағы тұлғалардан ұсталатын салық мөлшері 10 нан 1 пайызға дейін қысқартылып, есесіне азаматтар үшін ипотекалық несие қолжетімді бола түспек. Бұл өзгерістің болашағынан жерлестеріміздің үміті зор. Ұстаздар қауымы оқушылардың сапалы жоғары білімді ел аумағында алуларына да бар жағдай жасау керек дейді. Гуденко атындағы Дубровное орта мектебінің мұғалімі Нұргүл Қоныспаева студенттердің өмірін барынша қолайлы ету арқылы шетелге кететін жастардың ағынын бәсеңдетуге болады деп есептейді.

Нұргүл Қоныспаева – С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебінің мұғалімі, Мамлют ауданы:

– Біріншіден жатақхана мәселесі өзекті. Көп студент қымбат пәтерлерді жалдауға мәжбүр. Бұл ата-аналардың қалтасына салмақ салады. Елбасының тапсырмасы жүзеге асса бұл мәселе шешіледі деген сенімдемін.

Басқосуда ұстаздар қауымы көкейдегі сауалдарын салықшылар мен қаржыгерлерге қойып, оларға тұшымды жауап алды.

Берік Қасен