Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД биыл “кадрлық резерв” жылы деп жарияланды

Осы орайда биыл теріскейде “кадрлық резерв” жылы деп жарияланды. Бұл дегеніміз – жоғарғы деңгейдегі жетекшілік қызметтің сапасын жоғарылату үшін арнайы дайындалған қызметкерлер тобы жасақталды. Бүгінгі семинар осы топқа кірген жандар үшін ұйымдастырылған.

Сағындық Темиреев – СҚО ІІД кадр бөлімі бастығының орынбасары:


– Бұл семинардың мақсаты – аталған шаралар басшылардың шеберліктерін жетілдіру және кадр ядросын қалыптастыру. Болашақ басшыларды дайындау. ІІМ келісімі бойынша 2018 жылы біздің департаментте ” кадрлық резерв” жылы деп жарияланды. Осы орайда департамент басшылығымен биылғы жылға түрлі жоспарлар бекітіліп қойылды.

Осылайша, кадрлық резервтің арқасында жеке құрам мамандарының жұмысын жүйелеуге мүмкіндік туып отыр. Оның ішінде әмбебап полицейлерді дайындауға басымдық берілмек. Руслан Әлижанов ішкі істер департаментіндегі қызмет жолын 2001 жылы бастаған. 17 жылдық еңбек өтілі бар тәртіп сақшысы түрлі мансаптарды еңсеріп, бүгіндері Уәлиханов аудандық ІІБ бастығының бірінші орынбасары болып еңбек етуде.

Руслан Әлижанов – Уәлиханов аудандық ІІб бастығының бірінші орынбасары:


–  2001 жылы кәмелетке толмаған балалармен жұмыс жасайтын инспекторы болдым. 3 жылдан соң аудандық ІІБ жедел уәкілі болып ауыстым. Одан кейін аға жедел уәкілі болдым. Міне, бүгіндері аудандық ІІб бастығы болып қызмет етемін.

Жалпы бүгінгі семинар-кеңеске кадрлық резервте тұрған 110 жуық тәртіп сақшысы қатысты.

Тогжан Акмагамбетова