Қоғам

“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ СҚОФ ашық есік күні өтті

Осы жылдың шілде айнынан бастап базалық зейнетақы бұрынғыдай құрметті демалысқа шығатын жандардың барлығына бірдей көлемде төленбейтін болды. Оның мөлшері зейнетақы алушының еңбек өтілі мен аударылған жарналарының мерзіміне қарай есептелмек. Сондықтан осы бастан зейнетақы аударымдарын ай сайын тексеріп тұрған абзал дейді қаржыгерлер.

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ операциялық бөлімнің басшысы:


– Жастар болашағын қазірден бастап ойлауы керек. Ай сайын зейнатақы жарналарын бақылап отыру керек. Егер дұрыс аударылмаса, болашақта алатын зейнетақылары төмен болады.

Шынымен, бүгін ашық есік күніне келген кейбір тұрғындар зейнетақы аударымдарының қорға дұрыс жасалмай жүргенін айтып шағымданды.

Гүлжан Сұлтанғазиева – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы:


– Жұмыс берушіңіз зейнетақы аударымдарын үш ай өткеннен кейін біржола аударса, онда ол өткен айларға жеке-жеке қанша сома аударғанын құжатта нақты көрсетуі тиіс. Егер кәсіпорын есепшілері олай істемесе, сіз басшыға барып ол жайлы ескерту керексіз.

Сондай-ақ мамандардан зейнетақы заңнамасына енгізілген басқа да өзгерістерге тоқталды. Мәседен, биылдан бастап жылдар бойы жинақталған зейнетақы төлемдері иелеріне бұрынғыдай 12 айда бір емес, ай сайын қайтарылатын болды.

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ операциялық бөлімнің басшысы:


– Ортақ зейнетақы алатындардың еңбек өтілі азайып жатыр. Сондықтан зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі өзгертілді.

Осы мекемеде келесі ашық есік күні маусымның 15-інде өтпек. Ол шараға мемлекеттік кірістер департаменті, “Азаматтар үшін үкімет” мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысады.

Берік Қасен