Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашлығына бағытталған қаражаттың игерілуі “Нұр Отан” партиясының бақылауында

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Абдоллаевтың сөзінше, ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде облысымызда 151 ауыл шаурашылығы бірлестігі тіркелген.

Алтынбек Абдоллаев- СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:


– Өңірімізде құрылған кооперативтердің 38-і сүтті бағытты, 111-і етті бағытты таңдап, жұмыс істеуде. Сондай-ақ, бал және құс шаруашылықтарымен айналысатын тұрғындарды аталмыш бірлестіктерге тарту шаралары жалғасуда. Өткен жылы кооперативтер өңдеу кәсіпорындарына 17 мың тонна сүт, 600 тонна ет өткізіпті. Осылайша, бүгінде 11 200 солтүстікқазақстандық өнімдерін өткізіп, қосымша пайда көріп отыр.

Өткен жылдан бастап коопертивтерді қолдау мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. Өңіріміздегі осындай бірлестіктерге 1,1 млрд теңге бөлініп, ол қаражат 38 кәсіпкерге арзан несие түрінде үлесітіріліпті. Іскер азаматтар ақшаға мүйізді ірі қара, танкер, сүт таситын көліктер алған.
Бұдан бөлек АӨК субъектілеріне сүтке – 39 млн теңге, селекциялық жұмыстарға – 150 млн, техника мен жабдықтарға – 110 млн теңге субсидия төленді. Алайда, “Нұр Отан” партиясының жанындағы АӨК бағыты бойынша жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің бұған қатысты айтар ескертулері бар.

Болат Әбілмәжінов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ жанындағы АӨК бағыты бойынша комиссиясының төрағасы:

– Екі ауданда жалған кооперативтің ашылғандығы бізге белгілі болды. Алаяқтар жауапкершілікке тартылады. Қазіргі таңда мал шаруашлығы тізілімін электрондық түрде жүргізу мүмкіндігі туды. Соның арқасында мұндай фактілерді болдырмауға болады деп есептеймін.

Осы орайда, комиссия өкілдері облыстық ауыл шаруашлығы басқармасына мемлекет қаражатын тиімді игеру бойынша өз ұсыныстарын жасады.

Берік Қасен