Құқық қорғау органдары

Жыл басынан көлігін белгіленбеген жерде қалдырған 40 петропавлдық жауапқа тартылды

Бұдан бөдек, жол бойында тоқтап, коммуналдық техникаларға кедергі келтіріп тұрған көліктердің иелерін тауып, оларға ескерту жасайды. Жыл басынан облыс орталығында осы бағытта 40-тан астам әкімшілік хаттама толтырылыпты. Заңбұзушылар негізінен темір тұлпарын белгіленбеген жерлерге қойып кеткен.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:


– Соңғы күндері қардың қалың түсуіне байланысты коммуналдық қызметтер оны тазалап үлгермей жатады. Сондықтан, жүргізушілерден көліктерін жол шетінде қалдырмауларын сұраймыз.

 

Шен таққандар көшенің ортасында темір тұлпарлары сынып қалғандары болса, оларға да қол ұшын беруге әркез даяр. Демалыс күндері өңірдің тәртіп сақшылары дамыл көрмеген. Елді- мекендерден тысқары жерлерде олар құтқарушылармен бірге төтенше жағдайларды ескерту және азаматтарға көмек көрсету жұмыстарына атсалысыпты. Мысалы, наурыздың 22-сі күні жол-патрульдік полиция қызметкерлері Аққайың және Қызылжар аудандарында жол шетіне шығып кеткен екі автокөлікті шығаруға көмектескен.

Берік Қасен