Денсаулық сақтау

Ресейлік дәрігерлер Петропавлға келеді

Владимир Бочановский – атлас-маман, Санкт-Петербург қаласы, РФ:

–  Біздің компанияның мамандары буын ауруларының алдын алумен айналысады. Түзетуге көмектеседі. Негізгі гәп омыртқа мен бас сүйегін байланыстаратын тұста. Жол-көлік апаты, бала туу кезінде омыртқаның зақымдануы жиі кездеседі. Осындай кездерде швейцариялық технология көмекке келеді.

Әдетте, атлантты түзету үшін ем алушылардың 70 пайызына бір ғана процедура жеткілікті. Тек бір айдан соң қорытынды тексеруге келсе жеткілікті. Тағы бұл швейцариялық әдістің көмегімен мұрыннан қан кетуді тыйып, инсульттан кейінгі оңалту шараларын жүргізуге болады. Омыртқаның ойысып кетуін түзеткеннен кейін орталық жүйке жүйесі толыққанды жұмыс істеуге көшеді. Сөйтіп, мойындағы аурулар, аяқ, қолдың ұйып қалуы, қан қысымы сынды ауруларды ұмытуға болады.

–  Ұлымның басы ауырып, жиі құсатын. Ұйықтаған соң шамалы жақсарып қалады. Бірақ кейін тағы қайталанатын болды. 3 айдан бері осы әдіспен емделіп келеміз. Қазір жағдайы жақсы.

–  Осыған дейін қызым респираторлық аурулармен жиі ауыратын. Басы солқылдап, аллергиялық жөтелдер қысатын. 3 айда жағдайы оңалып қалды.

–  Мен түзу жүріп, отыратын болдым. Бас ауруы да кете бастады.

–  Басымның ауырғаны 80 пайызға азайды. Бұрынғыдай емес, жағдайым жақсарды. Үнемі шаршап жүретінмін. Қазір халім дұрысталуда. Жасарып кеткендеймін. Жылдам қимылдап, шапшаңдық пайда болды. Аталған әдісті қолданып көріңіздер деп кеңес беремін.

Тың әдісті қолданғыларыңыз келсе, онда құлаққағыс. Петропавлға наурыздың 30 мен сәуірдің 3-і аралығында ресейлік мамандар келіп, қабылдау жүргізеді. Олар М.Жұмабаев көшесі бойындағы 109 мекен жайында орналасқан «Панацея» огрталығында жұмыс істемек. Дәрігерлерге 63-21-72 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.

Мағжан Ахмадина