Қоғам

Петропавлда мысықтардың халықаралық көрмесі өтті

Таңдау мысық пен иттің арасында тұрыпты. Көп ойланып, нәзік жанды донский скиф тұқымына жататын мысықты қамқорлығына алды.

Надежда Подоляк – Петропавл қаласы:

–  Ең алдымен мен мысықтың суретін балаларыма көрсеттім. Себебі бұл басқаларынан ерекше мысық. Үлкен балама үй жануары бірден ұнай кетті. Осы тұқымға жататын мысықтар ойнақы болып келеді. Қазір ол 1,5 жаста.

Сондай-ақ, көрермендер назары Ольга Кабичеваның қолындағы американдық керл тұқымына жататын Афродита есімді мысыққа ауды. Үй жануарының басты ерекшелігі – құлақтары артқа қарай қайырылған. Сондықтан оның түрі көңілді, әрі сабырлы көрінеді. Ал мейн кун тұқымынан тараған Лазарро есімді үй жануарының түрі керісінше сұсты көрінеді. Дене тұрқы ірі болғандықтан, көрмеге келгендер шабуыл жасай ма деп сескенеді. Алайда Лазарроның ондайы жоқ. Ол өте мейірімді дейді иесі. Ал оның басты ерекшелігі – табанында.

Елена Ким, эксперт международной категории:
– На каждой конечности прибыльные пальцы. Порода называется мейнкун полидакт. Порода идет отдельную кодировку. Великолепная трапециевидная голова. Отличный крепкий подбородок.

Сарапшылар әр бір жануарды халықаралық ережелер бойынша бағалап жүр. Жалпы “Маркиза” халықаралық мысықтар көрмесі Петропавлда осымен 32-ші рет ұйымдастырылуда.

Марина Василенко халықаралық сарапшы:

– Көрмеде әр түрлі тұқымдарға жататын үй жануарлары ұсынылды. Біреулерінің жүні ұзын болса, енді біреулерінің жүні керісінше қысқа. Мысықтардың осы қасиеттеріне байланысты сарапшыларымыз жеңімпаздарды анықтайды. Ал оларға өз кезегінде демеушілердің атынан бағалы сыйлықтар мен естелік кубоктар табысталады.

Көрмеге 60-қа жуық үй жануары қатысуда. Олардың басым бөлігі көрші Ресей елінен келген. Анжела Просвиринаның Омбы қаласында “Ангер рысь” деп аталатын өз питомнигі бар. Қазір оны 4 мысық және 3 марғау паналайды екен. Мысықтардың барлығы курильдік бобтейл тұқымына жатады. Анжела бұл үй жануарларын әдемілігі мен адалдығы үшін ұнатқанын айтады. Мәселен, Дуняша кез-келген иттен адал екен.

Анжела Просвирина – Омбы қаласы, РФ:

–  Мысықтардың құйрығы қысқа. Адамдардың саусағы сияқты қайырылады. Курильдік бобтейл тұқымы Омбыда өте танымал. Мысықтың бұл түрі 1995 жылдан бастап тарай бастаған.

Жалпы көрмеде мысықтардың 15-ке жуық түрі ұсынылды. Оларды 3 халықаралық сарапшы бағалады. Мысықтардың келесі байқауы қазан айында өтпек.

Молдир Макишева