Спорт

Петропавлда кекушинкай каратэден Қазақстан Республикасының XXI чемпионаты өтті

Алдымен олар әлем және Еуропа чемпионаттары, халықаралық және республикалық турнирлерге қатысқан тәжірбиелі спортшылардың, сондай-ақ солтүстікқазақстандық каратэшілердің шеберліктерін байқады.

Астаналық Ескендір Сағатовқа бұл жолы алғашқы жұпта бақ сынау сәті түскен. 13 жасттағы балғын бүгінгі сынға барынша жақсы дайындалыпты. Соның айқын дәлеліндей, бірінші кездесуінде қарсыласынан басым түсті.

Ескендір Сағатов – жарысқа қатысушы, Астана қаласы:

– Мен 8 жасымнан каратэмен айналысамын. Түрлі турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Осы чемпионатқа үш ай дайындалдым.

Өткен жылы кекушинкай каратэ чемпионатының елордада ұйымдастырылған 20-сыншы мерейтойында Солтүстік Қазақстан обылысының құрамасы 1-інші жалпы командалық орынды иеленген болатын. Жерлестеріміз бұл жолы да жеңіс тұғырынан көрінуден үмітті.

Владимир Витченко – Бүкіл қазақстандық кекушинкай каратэ федерациясының СҚОФ директоры:

– Бұл додаға еліміздің түпкір-түпкірінен 500-ге жуық спортшы қатысуда. Бүгін тартысқа толы жарыс өтуде. Қатысушыларды жас ерекшелігі бойынша 3-ке бөлдік. Турнирдің басты жүлдесі ретінде – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ университетінің гранты тігіліп отыр.

Жалпы, кеушинкай каратэмен айналысатын теріскейлік жасөспірімдердің саны жыл санап артып келеді. Солардың бірі -Алихан Абылай. Оның бүгінгі қарсыласы Ақтау қаласынан келген спортшы. Тотамиде жерлесіміздің бағы жанып, қарсыласын тізе бүктірді.

Алихан Абылай – жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Мені бұл спорт түріне 4 жыл бұрын атам әкелген. Содан бері каратэге деген қызығушылығым артып келеді. Бүгінгі сайыста қарсыласым мықты болды деп айта алмаймын. Бапкеріміз бізді бұл турнирге 2 ай дайындады.

Жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз алдарына жан салмай, үздік атанды. Екінші орын Астаналық командаға бұйырса, Талдықорған құрамасы үштікті тұйықтады.

Дана  Ешкенова