Өнеркәсіп

Петропавлда “Cheddar” ірімшігі саудаға шығырылды

Оларды мамандар ерекше күтіммен ұстайды. Қызметкерлер үнемі тауарды айналдырып, орындарын ауыстырып отырады. Сонда ірімшіктің дәмі бабына келеді екен.

Наталья Федотова – “Сүт одағы” ЖШС технологы:


–  Ірімшікті сапалы әзірлеу үшін цех ішіндегі температура өзгеріп отырады. Өнім мұнда әкелінген кезде сынап бағанасы +9 градус болады. Кейін, уақыт өте аздап төмендейді. Біз тауардың бетін үнемі сүртіп тұрамыз. Сонда дәмді болып әзірленеді. Ірімшектердің сақталу уақыты оның түріне қарай түрлі кезеңге созылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда жергілікті “Сүт одағы” ЖШС ірімшіктің 9 түрін дайындады. Оның 4-еуі қатты өнім болса, қалғаны жұмсақ. Наурыз мерекесі қарсаңында өндіріс ошағының мамандары тауардың “Cheddar” Чеддар деп аталатын жаңа түрін әзірлеп шығарды. Ол 90-нан 120 тәулікке дейін әзірленіп, бабына келеді. Ірімшік дәрумендерге өте бай.

Ирина Давлетбаева – “Сүт одағы” ЖШС зертханасының меңгерушісі:

 


–  Чеддар ірімшігі классикалық англиялық болып саналады. Ол сонау 12-ші ғасырда Ұлыбританияда шығарылған. Содан бері әлемнің көптеген елінде дайындалып келеді. Өнімді әзірлеу үшін жаздың соңы мен күздің басында сауылған сүт пайдаланылады. Ірімшіктің құрамында А, Д, В, және Е дәрумендері бар. Денсаулыққа өте пайдалы.

2018-ші жылы “Сүт одағы” ЖШС тағы бір қатты ірімшік түрін жасауды жоспарлап отыр. Жалпы, қазіргі таңда кәсіпорын 50-ге тарта өнім түрін шығарады. Олардың қатарына сапалы ірімшіктен бөлек, сүт, айран, сүзбе мен қаймақта та бар.

Байболат Бектемірұлы