Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық мәслихатта ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті

Серік Айдарбеков – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы:


–  Егер ауылды жерде ауыз су, жол сынды өзекті мәселер болса, ол туралы агенттікке хабарлауыңызға болады. Осылайша, ол өз шешімін таппақ.

Бүгінде бұл бастама 3 бағыт бойынша жүзеге асуда. Арыз-шағымды вконтакте, фейсбук, инстаграм сынды әлеуметтік желілер мен ватсап, телеграм арқылы жолдауға болады. Екінші тетік – «қамқор» мобильді қосымшасы. Бүгінге дейін бағдарлама арқылы 1500-ге жуық өтініш келіп түскен екен. Соңғысы – өңірлік бақылау топтары. Бұлардың барлығы туындаған мәселені анықтап, оны дер кезінде жоюға бағытталған. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тағы бір амалы – мемлекеттік қызмет түрлерін электрондық форматқа ауыстыру.

Күлпаш Қалғужина – облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушысы:


– Білім беру саласында 37 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Өткен жылы тұрғындарға 79 мың мәрте қызмет көрсеттік. Олардың 4636-сы электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асқан.

Ал, көші-қон басқармасында теріскейліктерге көрсетілген қызмет түрлерінің саны екі айдың ішінде ғана 21348-ге дейін жетіпті. Олардың тек 4315-і қағаз жүзінде іске асырылған.

Эльмира Садвокасова